Теннис • 03 Ақпан, 2020

Кортрейк: Кортта – Қазақстан мен Бельгия

186 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

6-8 ақпан күндері әлемнің бірқатар қаласында 16 команданың қатысуымен Федерация кубогы жолындағы жарыстың іріктеу сындары өтеді. Аталған турнирде Қазақстанның теннисшілері Бельгия құрамасымен шеберлік байқасады. Бұл бәсеке Лис өзенінің жағалауында орналасқан тарихи шаһар – Кортрейкте өтеді. Ал сол шешуші сындағы қарсылас команда жайында біз не білеміз?

Кортрейк: Кортта – Қазақстан мен Бельгия

Бельгияның әйелдер құра­ма­сы Федерация кубогында 1963 жыл­­дан бері бақ сынасуда. Сол ара­­­лық­та небәрі төрт рет қана (1995, 2014, 2015, 2016) эли­та­­лық дивизионда өнер көр­се­­те алған жоқ. Ал қал­ған жа­­рыс­тар­дың барлығында олар үз­­діксіз бой көрсетуде. Бұл ретте қол жет­­кізген табыс­та­ры да елеу­лі. Атап айтсақ, 2001 жылы бель­гия­лықтар бас жүл­де­ні олжалады. Құрамында Ким Клейс­те­рс, Жюстин Энен, Элс Калленс және Лоранс Куртуа сынды мық­­­тылары бар аталған елдің өкіл­­дері ақтық сайыста Ресей ко­ман­­дасынан 2:1 есебімен басым түсті.

2006 жылы да Бельгия теннис­ші­лерінің Федерация кубогын же­ңіп алуына тамаша мүмкіндігі болды. Барлық қарсыластарын оңай ең­серген олар финалда Ита­­лия­мен жолықты. Бұл бәсе­ке 3:2 есе­бімен Апеннин түбе­гі­нен келген арулардың пайдасына ше­шілді. Сонымен қатар бельгия­лық­­тар тоғыз рет (1970, 1972, 1974, 1975, 1977, 1988, 1997, 2003, 2011) жартылай финалда күш сынасты.

Былтырғы жарыста Бельгия құра­масы үздік сегіз команданың қа­тарына қосылғанымен, әлемдік топтағы турнирдің алғашқы айналымында Францияның аруларынан айлаларын асыра алмады. Есеп – 1:3.

Қазіргі кезде «ТОП-100» тен­­­нис­­­­шінің қатарына аталған мем­­­­­ле­кеттің үш өкілі еніп отыр. Со­лар­дың арасындағы ең мық­­­тысы – Элизе Мертенс. Бельгияның бірінші ракеткасы сана­латын 24 жастағы Элизе 2018 жылы Аус­тралияның ашық бірін­ші­­­лігінің жартылай финалына шықса, 2019 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінде үздік се­гіз ойыншының қатарынан кө­рі­­нді. WTA турнирлерінде бес рет және ITF жарыстарында 11 мәрте жеңімпаз атанды. Осы жарыстарда табысты өнер көр­сет­кенінің арқасында 6 миллион доллар көлемінде табыс тап­ты. Қазіргі кезде ол әлемдік рей­тингте 14-орынды иеленуде. Былтыр Мертенс АҚШ-тың ашық біріншілігінің жұптық сайы­­сында жеңімпаз атанды.

25 жастағы Алисон ван Эйт­ва­нк әлемдік рейтингте 47-орында тұр. Вилворденің тума­сы­ның ең үздік көрсеткіші – 2015 жылы Ролан Гарростың ширек финалына дейін жетуі. WTA турнирлерінде төрт мәрте және ITF жарыстарында 12 рет топ жарды.

Бельгияның үшінші ракет­ка­сы Кирстен Флипкенс – өте тәжіри­белі ойыншы. 34 жас­та­ғы тен­нисші 2013 жылы Уимбл­дон­ның жартылай фина­лын­да өнер көр­сетіп, «ТОП-15» ойын­шы­ның қатарына қосыл­ған. Олардан бө­лек, Исалин Бона­ван­тюр (әлемнің 115-ракеткасы), Гретье Минненен (әлемнің 119-ракеткасы) және Янина Викмайерді (әлем­нің 147-ракеткасы) атап өту­ге болады. Олар да талай дүр­мекті көрген сақа спортшылар. Міне, Федерация кубогы жо­лын­дағы жарыстағы Қазақстан құ­ра­масына қарсылас команда атанған жайында қысқаша мәлі­мет­тер осындай.

Ал аталған жарыстың өзге ірік­теу бәсекелерінде мына командалар өзара шеберлік байқасады: АҚШ-Латвия, Нидерланд-Бе­ла­русь, Румыния-Ресей, Бра­зи­лия-Германия, Испания-Жа­по­ния, Швейцария-Канада және Словакия-Ұлыбритания.