Әлем • 03 Ақпан, 2020

БҰҰ: Шығыс Африкадағы шегірткелермен күресуге шақырды

232 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

БҰҰ халықаралық қауымдастықты Шығыс Африканы басып алған шегірткелермен күресуге шақырады.

БҰҰ: Шығыс Африкадағы шегірткелермен күресуге шақырды

Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (FAO) азық-түлік қауіпсіздігіне және тіпті аштық төнуі мүмкін деген қауіп туралы ескертеді.

Кения, Эфиопия және Сомали өз жолында кездескен барлық өсімдіктерді жейтін осы жәндіктердің бұрын-соңды болмаған шабуылымен күресіп жатыр. 

FAO, сонымен қатар, маусымға дейін жәндіктер саны 500 есе артуы мүмкін екенін ескертеді.
Эфиопия мен Сомалиде соңғы 25 жылда ешбір тіркелмеген, ал Кенияда осы көлемдегі шегірткелер соңғы рет 70 жыл бұрын пайда болған. Шегірткелер Уганда мен Оңтүстік Суданға да қауіп төндіреді.
Шөл шегірткелері тәулігіне меншікті салмағына тең мөлшерде тамақ ішеді.

1

Зиянкестердің таралу деңгейі, сондай-ақ, шегірткелер бұлтының мөлшері нормадан әлдеқайда жоғары, сондықтан жергілікті биліктің өзі бұл қауіпке төтеп бере алмайды.

FAO мәліметтері бойынша бәрін жейтін жәндіктер тобымен күресудің жалғыз жолы - ұшақтардан инсектицидтерді шашырату.
Йеменде пайда болған шегірткелер содан кейін Қызыл теңіз арқылы Эфиопия мен Сомалиге ұшқан. Ал 2019 жылдың аяғындағы нөсер жаңбыр шегірткелердің одан әрі таралуына жағдай жасаған.

Осы жылдың соңында бұл мәселе одан бетер қауіпті жағдайға айналуы мүмкін. Қазір Иран, Пәкстан және Үндістанда шегірткелер көбейіп келеді және көктемнің басталуымен бұл жерде үлкен тобы пайда болуы мүмкін.

Шегірткелер күніне 150 шақырымға дейін жүре алады.

2

Қарашада БҰҰ Эфиопияға да қауіп төнетіні жайлы ескертті. Амхара аймағындағы кейбір фермерлер бүкіл егінінен айырылды.

Желтоқсан айында шегірткелер тобы жолаушылар ұшағының бағытын өзгертуге мәжбүр етті. Қозғалтқыштардың ауа соратын жеріне және ұшақтың мұрны мен әйнектеріне жабысып қалды. Сол себепті  Аддис-Абебада  ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды.