Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайда мәртебелі қонақты Өзбекстан Республикасының Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов, АҚШ-тың Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Дэниел Розенблюм мен өзге де ресми тұлғалар қарсы алды.
Екі күндік сапары барысында АҚШ Мемлекеттік хатшысы мен Өзбекстанның Сыртқы істер министрінің арасында екіжақты келіссөздер жүргізіледі. Майкл Помпео мен Абдулазиз Камилов 2018 жылдың мамыр айында Вашингтонда жоғары деңгейде өткен өзбекстандық-америкалық саммит барысында қол жеткізген келісімдердің жүзеге асырылу барысын талқылап, халықаралық және өңірлік өзекті мәселелер бойынша пікір алмасады.
Майк Помпео 3 ақпан күні Ташкентте «Орталық Азия – АҚШ» («C5+1») форматында өтетін министрлер кездесуіне қатысады.
Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоны қабылдаған болатын.