Қазақстан • 03 Ақпан, 2020

«Филип Моррис» компаниясы ҚМЭБИ-ға қосқан үлесі үшін марапатталды

522 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекетіміздің тарапынан соңғы жылдары үздік жұмыс беруші ретінде бірнеше рет марапатталған «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС Алматыдағы Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының (ҚМЭБИ) дамуына үлес қосқаны үшін кезекті рет мәртебеге бөленіп отыр.


«Филип Моррис» компаниясы ҚМЭБИ-ға қосқан үлесі үшін марапатталды

Шетелдік инвесторлар кеңесінің жұмысы шеңберінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасын орындай отырып, 2018 жылы ФМҚ Білім және ғылым және Еңбек және әлеуметтік қорғау министрліктерімен бірлесе өңірлік жоғары оқу орындарында мансаптық орталықтар ұйымдастыру мен қызмет етудің үздік тәжірибесін енгізу жөніндегі жобаны жүзеге асырды. Осы жоба аясында елдің жетекші оқу орындарының бірі – ҚМЭБИ – базасында тренинг-семинарлар өткізіліп, осындай орталықтардың жұмыс істеуінің озық тәжірибесі ұсынылды, одан әрі өңірлік жоғары оқу орындарының мансаптық орталықтары алған білімдерін тиімді пайдалану үшін аймақтарда кеңестер өткізілді. Жұмыс нәтижесінде ФМҚ және ҚМЭБИ қолдауымен бес аймақтық университеттерде мансап орталықтары құрылды. 


2019 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен «Адами капиталды дамыту» тақырыбына арналған Шетелдік инвесторлар кеңесінің 32-ші пленарлық отырысында елдің және өңірдің жетекші жұмыс берушілерінің бірі «Филип Моррис Интернэшнл» Шығыс Еуропа аймағы бойынша президенті Марко Мариотти  компанияның жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

ФМҚ алдағы уақытта да еліміздің адами капиталын дамытуға ықпал етуді көздеп отыр. ҚМЭБИ компания үшін әрдайым стратегиялық және сенімді серіктес болып табылады. ҚМЭБИ-де өткен марапаттау рәсімінде компания басшысы Хуан Карлос Эскобар: «Қазақстанның өңірлік университеттерінде мансаптық орталықтарды құру жөніндегі жобаны табысты іске асыру көбінесе ҚМЭБИ-дің қолдауы мен жәрдемдесуінің арқасында болды, осыған байланысты ҚМЭБИ-дің мансаптық орталығының жұмыс моделі біз үшін эталондық болып табылады», – деп пікір білдірді.

ФМҚ үздік жұмыс беруші ретінде бірнеше рет марапатталды. Компания 2019 жылдың басында қатарынан төртінші рет Үздік жұмыс берушілер институтының халықаралық марапатына ие болды (Top Employer Institute - персоналды басқару саласындағы жоғары әлемдік стандарттарға сәйкестікке баға беретін халықаралық сертификаттау ұйымы) және Top Employer Institute бағалауы бойынша 2019 жылы Еуропа мен Қазақстанның үздік жұмыс берушісі болып танылды. 2019 жылдың ақпан айында ФМҚ EQUAL-SALARY Халықаралық сертификаттаудан табысты өтті және ерлер мен әйелдерге қатысты еңбекақы төлеуде бірдей қағидаттарды қолдануды, сондай-ақ олардың кәсіби үлесі олардың жынысына қарамастан бірдей бағаланатынын растайтын Қазақстанда алғашқы компания болды. EQUAL-SALARY сертификатын EQUAL-SALARY қоры – швейцариялық коммерциялық емес ұйымы – және PwC халықаралық аудиторлық компаниясы береді.

ФМҚ өз кадрларын дамытуға инвестиция салуды жалғастыруда және 1993 жылдан бері өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына 16 миллионнан астам АҚШ долларын бөлген.