Қазақстан • 03 Ақпан, 2020

Алдағы үш күнде күн жылынады

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 4-6 ақпанға арналған ауа райы болжамын хабарлады.

 

Алдағы үш күнде күн жылынады

Суретті түсірген Ерлан ОМАР, «Egemen Qazaqstan»

Синоптиктердің хабарлауынша, Қазақстанға жылжып келе жатқан оңтүстік циклон мен атмосфералық фронттардың әсерінен көптеген облыста қайтадан жауын-шашын, жылбысқы қар жауады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда қар жауып, боран соғады. Күшті екпінді жел тұрып, көктайғақ болады. Жылы ауа массаларынан оңтүстік пен батыста ауа температурасы айтарлықтай жоғарылайды.

- Алдағы тәуліктерде температураның жылымыққа дейін көтерілуі Қазақстанның қалған аймақтарында да басталады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күндізгі температура минус 5 - плюс 5°С дейін, оңтүстік және батыста плюс 3…8°С болады. Қиыр оңтүстікте плюс 15°С дейін болжанып, орташа көпжылдық мәннен 5…14°С-қа жоғары болады, - делінген хабарламада.