Бұл бәсекеде Қазақстан спортшылары 5 жүлде жеңіп алды.
Ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта Елжан Елшібай қарсылас шақ келтірмей, топ жарса, Қазыбек Бақтиярұлы (63 кг) ақтық сында қарсыласына есе жіберді. Сонымен қатар Алмат Қожахмет (68 кг) үздік үштікті түйіндеді.
Ал әйелдер бәсекесінде Айтолқын Орынбасар (73 кг) күміс, Амина Нұрғазықызы (62 кг) қола жүлдегер атанды.