Сапар аясында Фаро қаласының әкімшілік орталығының, Алгарвенің Үйлестіру және даму комиссиясының басшылығымен, сондай-ақ өңірлік іскерлік топтардың өкілдерімен кездесулер өтті.
Алгарве өңірінің Үйлестіру және даму комиссиясының төрағасы Франсишку Серрамен сұхбат барысында сауда-экономикалық саласындағы ынтымақтастық, отандық тауарлар экспортын ілгерілету және туристік салада әрекеттесуді нығайту мәселелері талқыланды.
Елшінің Фару қаласының әкімі Рожерио Бакальяумен кездесуі Алгарвемен ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттарына арналды. Сұхбаттасушылар қазақстан-португалдық ынтымақтастығының мүмкіндіктерін жоғары бағалап, өңірлік деңгейде тығыз әрі нәтижелі байланыстарды орнатудың жеткілікті алғышарттары бар екеніне келісті.
Португалдық саясаткер Ақтау қаласымен бауырлас қарым-қатынас орнатуға қызығушылық пен дайындығын білдірді. Сонымен қатар биыл Алгарведе Қазақстанның Құрметті консулдығын ашуға уағдаластыққа қол жеткізілді.
Өңірдің компанияларымен байланыстар орнату мақсатында, Алгарве Кәсіпкерлер қауымдастығының президенті Витор Нету және Сауда және қызмет көрсету қауымдастығының атқарушы директоры Ана Фернандешпен келіссөздер өткізілді.
Келіссөздер шеңберінде Кәсіпкерлер қоғамдастығының алдында тұрған міндеттер, Қазақстан экономикасына инвестициялар тарту бойынша нақты жобаларды іске асыру және португал бизнес-делегацияларының сапарларын ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Қазақстандық дипломат елімізде шетелдік инвесторларды қорғау жөніндегі іс-шаралар және Қазақстанда бизнес жүргізудің тәжірибелік аспектілері жөнінде ақпарат берді. Бірінші кезекте туризм, жоғары технологиялар және ауыл шаруашылығы саласындағы өзара тиімді ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды. Сонымен қатар іскер топтар Қазақстанның географиялық орналасуы мен транзиттік-көліктік әлеуеті мен мүмкіндіктерін ескере отырып, логистика және жүктерді тасымалдау саласында серіктестік құруға назарын аударып, қызығушылығын танытты.
Кездесулер қорытындысы бойынша, отандық бизнес құрылымдарымен байланыстар орнату үшін Алгарве компанияларының Қазақстанға экономикалық миссияларын ұйымдастыруына қызығушылығы расталды.
Айта кетейік, Алгарве - Португалияның оңтүстігінде орналасқан аймақ. Аумағы - 4995 шаршы км. Халқы - 451 006 адам. Әкімшілік орталығы - Фаро қаласы. Аймақ экономикасының негізін туризм құрайды. Қызмет көрсету саласы жұмыс орындарының көп бөлігін қамтамасыз етеді және облыстың ішкі жалпы өнімінің қомақты бөлігі болып табылады. Аймақтың дәстүрлі салалары - балық аулау және ауыл шаруашылығы. Соңғы жылдары балық фермалары мен аквамәдениеті мықты позицияға ие болды. Сондықтан Португалияда өндірілетін теңіз тағамдармен устрицалардың 90%-ы қазіргі уақытта Алгарвада өндіріледі.