07 Тамыз, 2013

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының бұйрығы №38

266 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

2013 жылғы 10 сәуір,    Астана қаласы

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қылмыстылық және қылмыс жасаған тұлғалар туралы есептілікті, сондай-ақ қылмыстар туралы өтініштерді бірыңғай карточкалық есепке алуды жетілдіру мақсатында, «Прокуратура туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-1) тармақшасын басшылыққа ала отырып, бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы»           № 1-М нысанды есепті және оны құрастыру жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Респуб­ликасы Бас Прокурорының 2003 жылғы 31 қазандағы № 62 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2576 санымен тіркелген):
аталған бұйрықпен бекітілген «Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» №1-М нысанды есепте:
13, 13А, 13Б бөлімдері осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
аталған бұйрықпен бекітілген «Тіркелген қылмыстар мен қылмыстық қудалау органдары қызметінің нәтижелері туралы» №1-М нысанды есепті құрастыру және қалыптастыру жөніндегі Нұсқаулықта:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
 «2. № 1-М нысанды есептің 1, 2, 3, 4, 5, 6, 6-1, 6-2, 7, 7А, 9, 10, 10А, 11, 12, 13, 13А, 13Б, 15, 16, 17, 19 бөлімдерін қалыптастыру үшін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №7330 санымен тіркелген, Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы №122 бұйрығымен бекітілген, Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі нұсқаулықтың (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе)
талаптарына сәйкес қылмыстық қудалау органдарының қызметкерлері (тергеушілер, анықтаушылар, прокурорлар (соның ішінде, қылмыстық істерді тергеу бойынша міндеттер жүктелген арнайы прокурорлар (бұдан әрі - арнайы прокурор) толтырған және ұсынған алғашқы есепке алу құжаттары негіз болып табылады.»;
9-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«9. №1-М нысанды есептің 7 және 7А бөлімдері»;
9 тарау 17-1 тармақпен толықтырылсын:
 «17-1. №1-М нысанды есептің «Қылмыстық тергеу бағыты және басқа қызметтер бойынша (ауыр және аса ауыр) өтініштер және тіркелген қылмыстар жөніндегі мәліметтер» 7А бөлімі ауыр және аса ауыр болып жіктелетін қылмыстар туралы сандық мәліметтерді қамтиды.
Жолдарда осы бөлімнің «А» бағанында аталған Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің баптарына сәйкес қылмыстар туралы мәліметтер көрсетіледі.
Бөлімнің жолдары және 1-ден 29-ға дейінгі бағандары 7-бөлімнің жолдары мен бағандарына ұқсас толтырылады.»;
15-тарау мынадай редакцияда жазылсын:
«15. №1-М нысанды есептің 13, 13А және 13Б бөлімдері
23. 13-бөлім қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық нұқсанның анықталған сомасы туралы және оның өтелуі туралы (аяқталған, соның ішінде сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша) мәліметтерді қамтиды.
Аталған бөлімнің жолдарында криминалды полицияның желісі бойынша жекешелене отырып, барлық қылмыстар (жалпықылмыстық қылмыстар) және экономикалық қылмыстар туралы, сондай-ақ қылмыстардың жекелеген түрлері бойынша мәліметтер көрсетіледі.
 1-бағанда есептік кезеңде аяқталған қылмыстық істер бойынша материалдық нұқсанның анықталған мөлшері көрсетіледі. 1-бағаннан 2, 3, 4-бағандарда мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға белгіленген нұқсанның мөлшері ерекшеленеді.
5-бағанда есептік кезеңде аяқталған қылмыстық істер бойынша тыйым салынған мүлік ретіндегі анықталған материалдық нұқсанның мөлшері көрсетіледі. 5-бағаннан 6, 7, 8-бағандарда мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға белгіленген нұқсанның мөлшері ерекшеленеді.
9-бағанда есептік кезеңде аяқталған қылмыстық істер бойынша алып қойылған және ерікті түрде өтелген мүлік бойынша анықталған материалдық нұқсанның мөлшері көрсетіледі. 9-бағаннан 10, 11, 12-бағандарда мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға белгіленген нұқсанның мөлшері ерекшеленеді.
13-тен 27-ге дейінгі бағандарда мәліметтер 1-ден 12-бағандарға ұқсас сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша қалыптастырылады.
Қылмыстық іс қозғау туралы қ аулылары шыққан қылмыстар бойынша нұқсанның сомасы 28-бағанда көрсетіледі.
28-бағаннан 29-31-бағандарда мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға белгіленген нұқсанның мөлшері ерекшеленеді.
32-бағанда есептік кезеңде тоқтатылған қылмыстық істер бойынша нұқсанның сомасы көрсетіледі. 32-бағаннан 33-35-бағандарда мемлекетке, заңды және жеке тұлғаларға белгіленген нұқсанның мөлшері ерекшеленеді.
13А бөлімі тергеумен аяқталған, соның ішінде тергеу органдары сотқа жолдаған қылмыстық істер бойынша қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық нұқсанның мөлшері туралы (және оның өтелуі туралы) мәліметтерді қамтиды.
Аяқталған қылмыстық істер бойынша мәліметтер 1-ден 12-ге дейінгі бағандарда көрсетіледі.
Соның ішінде, сотқа жолданған қылмыстық істер бойынша мәліметтер бағандарда мынадай үлгіде жіктеледі: 13-бағанда – материалдық нұқсанның белгіленген сомасы (мың теңге), 14-бағанда – тыйым салынған мүліктің сомасы, 15-бағанда – алып қойылған және ерікті түрде өтелген мүліктің сомасы көрсетіледі.
 13Б бөлімі аяқталған, соның ішінде анықтау органдары сотқа жолдаған қылмыстық істер бойынша қылмыс нәтижесінде келтірілген материалдық нұқсанның мөлшері туралы (және оның өтелуі туралы) мәліметтерді қамтиды.
Жолдар мен бағандардағы мәліметтер анықтау органдары аяқтаған істер бойынша 13-бөлімге ұқсас көрсетіледі.»;
21-тараудың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
«29. 19-бөлім қылмыстар бойынша есепке алынатын жәбірленушілер туралы мәліметтерді қамтиды (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 75-бабы).»;
2) «Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2011 жылғы 18 қарашадағы № 122 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7330 санымен тіркелген, «Заң газетінің» 2011 жылғы 15 желтоқсандағы №185 (2175) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточкалық есепке алуды жүргізу жөніндегі (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) нұсқаулықта:
3-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын;
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) осы бұйрықты:
1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін;
2) құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мүдделі құрылымдық бөлімшелеріне мәлімет және жұмыста пайдалану үшін, Комитеттің аумақтық органдарына орындау үшін жолдасын.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры         А.ДАУЫЛБАЕВ.

 

Толық мәтіні

 

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының
2013 жылғы «10» сәуірдегі №38 бұйрығына 2-қосымша

Қылмыстар, оқиғалар, қылмыстық істер, оларды тергеу, прокурорлық қадағалау және сотта қарау нәтижелері туралы өтініштерді, хабарламаларды, шағымдарды және өзге де ақпаратты бірыңғай карточ­калық есепке алуды жүргізу жөніндегі Нұсқаулыққа (Бірыңғай біріздендірілген статистикалық жүйе) 3-қосымша
1.0 Нысаны
Қылмыстарды есепке алу карточкасы
1.________________________________________________________________________________
 (қылмыстық істі (бұдан әрі - ҚІ) қозғаған органның атауы)
2. ҚІ қозғаған қызмет: тергеу (1), анықтау (2), оңтайландырылған сотқа дейінгі іс жүргізу (бұдан әрі –ОСДІЖ) тергеу (6), ОСДІЖ анықтау (7).
3. ҚІ нөмірі_____________________ қозғалған күні « ______»____________________ 20___ж.


4.Қылмыс жасалған аудан (гарнизон, көлік) ___________________________________________________
5. Әскери бөлімнің нөмірі (атауы) ________________________________________________
6. Статистикалық есепке алу түрі: есепке алу (1), алып тастау (2)
9. Карточканың Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Басқармасына (бұдан әрі – ҚСжАЕКБ) келіп түскен күні « ______ »___________________ 20___жыл.
 ҚСжАЕКБ

Соңғы жаңалықтар