Спорт • 03 Ақпан, 2020

Ульяна Балаганская Барселонадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

6 ақпан күні Испанияның Барселона қаласында шпагамен семсерлесуден әйелдер арасындағы лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Ульяна Балаганская Барселонадағы әлем кубогі кезеңінде бақ сынайды

Әлемнің үздік спортшыларының басын қосатын бәсекеге Қазақстан командасы сапынан Ульяна Балаганская қатысады. Бүгінде Ульяна Барселона қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. 

Әлем кубогі кезеңі 9 ақпанда өз мәресіне жетеді. Ал шпагамен семсерлесуден ерлер арасындағы кубоктік кезең Канаданың Ванкувер қаласында ұйымдастырылмақ.