07 Тамыз, 2013

Қызылордада бір көлік үйге соғып, талай жұртты газсыз қалдырды

385 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кызылорда-авария-1

Қызылорда қаласында бір көлік түннің жарысында көше бойындағы үйге соғып, осы маңдағы 25 жеке тұрғын үйді газсыз қалдырды. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің бас маманы Айгүл Нұрманова хабарлады.

Кызылорда-авария-2

Оқиға бүгін түнде 02 сағат 20 минут шамасында Байтұрсынов көшесінің №124 үйі жанында болған. Әлекедей жаланып, құйындай құйғытып келе жатқан көлік әп-сәтте шыр көбелек айналды да, қарсы беттегі үйге барып соқты. Мамандар тарапынан бұл техногендік апат тіршілікті қамтамасыз етудің коммуналдық жүйелеріндегі авария ретінде бағаланды. Себебі...

Кызылорда-авария-3

«Байтұрсынов көшесі №124 үй жанында BMV-520 м/б N 864 TN автокөлігі аударылу салдарынан Байтұрсынов көшесінің бойындағы газ тұрбасы зақымдалған. Осының салдарынан 25 жеке тұрғын үйлер уақытша газсыз қалды. Оқиға орнында «ҚазТрансГаз Аймақ» КПФ АҚ қызметкерлері қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде», - делінген хабарламада.

Кызылорда-авария-4

Ал түннің жарымында жұртты дүрліктіріп жүрген «шапқыншы» 1993 жылы туған Е. Жаханша деген жас жігіт болып шықты.

Сұлтан Бозайғыр.