Технология • 04 Ақпан, 2020

Тұрақты даму жолында

319 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Digital Almaty 2020» халықаралық форумы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры академик Ғалым Мұтанов БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Фабрицио Хохшильдпен және БҰҰ Ғаламдық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самекпен кездесті.

Тұрақты даму жолында

Тараптар ҚазҰУ-дың БҰҰ «Академиялық ықпал» бағ­дар­ламасының тұрақты даму бойынша жаһандық хабы ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған шараға қатысуын талқылады.

Фабрицио Хохшильд БҰҰ-ның жаһандық даму мақсаты жолында қазақстандық ЖОО-да жүзеге асып жатқан халықаралық бастамалар мен жобалардың мазмұн­дылығына тоқталып, жаһандық хабты басқарып отырған ҚазҰУ жұмысына алғысын білдірді. Сондай-ақ ол әл-Фараби мерейтойына арналған шаралардың маңыздылығын айтып, адамзат өркениетінің тұрақты дамуында өзектілікке ие болатын ғұламаның ізгілікті идеяларын насихаттау қажеттігін жеткізді. Халықаралық лауазымды тұлғаның пікірінше, ұлы ойшылдың дүниетанымы мен мұрасы әлемдегі азаматтық дамудың табиғатымен үндесіп жатыр. Сондықтан келер ұрпақ оның тағылымынан үлгі алуы тиіс.

Есте болса, бірер күн бұрын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлемнің екінші ұстазы атанған ғалымның 1150 жылдығы ресми түрде ашылып, ҚазҰУ қабырғасынан барлық талаптарға сай әл-Фараби ғылыми-технологиялық алқабы  құрылатыны айтылған болатын.

 

АЛМАТЫ