Парламент • 04 Ақпан, 2020

Дариға Назарбаева: Жеңіл өнеркәсіпті бәсекеге қабілетті ету қажет

125 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының Төр­ағасы Дариға Назар­баева Парламенттік тың­дау­ларға дайындық аясын­да тігін және тоқыма өнді­рісі кәсіпорындарының бас­шы­ларымен кездесті, деп ха­барлады осы палата­ның баспасөз қызметі.

Дариға Назарбаева: Жеңіл өнеркәсіпті бәсекеге қабілетті ету қажет

Кездесу барысында «АГФ тобы» өндірістік компаниясының директоры Гаухар Насырова тігін өнімдерін Қазақстанның іш­кі нарығында және экспортқа шы­ға­ру мәселелері туралы айтып берді.

Оның айтуынша, сауда алаң­дары өте тапшы болып отыр, со­­ның салдарынан «А» дәреже­сін­­дегі компаниялар сауда-ойын-сау­ық орталықтарының алаң­да­р­ын жал­ға алуға әрі оны жоғары мөл­­шер­де төлей отырып, қаржы ауырт­па­лығын бастан кешіп келеді.

Сала кәсіпорындары өз өнім­дерін экспорттау кезінде мемлекет тарапынан қолдауды қажет ете­ді. Г.Насырова Қазақстанда өнді­рілген өнімді әлемге танымал (H&M, ZARA және INDI­TEX) сауда компанияларына жет­кі­зу туралы уағдаластыққа қол жет­кіз­гені туралы өзі басқарып отыр­ған компанияның тәжірибесін мы­салға келтірді. Алайда, Қазақстан өнімдерінің импорттық бажы Еу­ропалық одақта 12%-ды құрап отыр. Ал Өзбекстан өндірушілері үшін баж 9,4%, Түркия және Пә­кістанға 0% құрайды. Бұл сырт­қы нарықтарда отандық тауар өн­ді­рушілердің бәсекеге қабілеттігін күрт төмендетеді.

Кездесуде «Еско» компания­сы­ның директоры Андрей Шмарин заңдағы «Әлеуетті өнім жет­кі­зу­шілердің жекелеген санаттарының мемлекеттік сатып алуға қатысуы» бабына назар аударды. Бұл бап Қа­зақстан Республикасы Үкі­метінің қаулысымен ретте­ле­тін мемлекеттік сатып алуда тауар­лардың жекелеген санаттары бо­йынша мүгедектер ұйымдарының басым құқығын айқындайды.

Заң мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері құрған мүгедектердің қоғамдық бірлестіктері және (немесе) ұйымдарының көлемі қаржының жалпы көлемінің кемінде елу пайызы болатын тауар сатып алуын белгілейді. Заңдағы бұл ереже жеңіл өнеркәсіп тауарларын мүгедектер қоғамынан 100% көлемінде шектеусіз сатып алуға мүмкіндік беріп, басқа отан­дық өндірушілердің сатып алуға қатысу құқығын шектейді. Бұл ретте, тапсырыс берушілер жеңіл өнеркәсіптің барлық тауарларына «ерекше» мәртебені жиі береді.

Сенат Төрағасы Дариға Назар­баева өз сөзінде парламентшілерге отандық тауар өндірушілердің сауда алаңдарына қол жеткізу мүмкіндіктері мен жалға алу құны мәселесін зерделеуді тапсырды: «Сауда орталықтарының баға белгілеу мәселесін зерделеу қажет. Бұл мәселе отандық өндірісті дамытудың келешегі тұрғысында кешенді түрде қаралуы керек», деді ол.

Дариға Назарбаева қазақ­стан­дық брендтерді отандық нарықта ілгерілету мақсатында маркетинг саласында жеңіл өнеркәсіп өнімдерін өндірушілерді қолдау жүйесін құру қажет деп санайды.

Парламент Сенатының Тө­рағасы кездесуді қорытындылай келіп, Экономикалық саясат, ин­но­вациялық даму және кәсіпкер­лік комитетіне кездесуге қаты­сушылар қозғаған проблемалық тақырыптарды зерделеуді және оны Парламенттік тыңдауда талқылауға дайындауды тапсырды.