07 Тамыз, 2013

Қазақстанның бірқатар аймағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды

503 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дождь-3

Бүгін атмосфералық ағымдардың жүруіне байланысты Қазақстанның бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, күн күркірейді, жел тұрып, кей жерлерде бұршақ жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл тұрады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидромет» РМК-ге сілтеме жасап.

«Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл облыстарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында да жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде күн күркірейді деп болжануда. Шығыс Қазақстан облысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетіп, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Алматы облыстарында күн күркіреп, шаңды дауыл түрады, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз аптап ыстық болып, республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және орталық бөлігінде өрт қауіпті жағдай сақталады», - деп көрсетілген хабарламада.

Мұрат Айтқожа.