Қоғам • 04 Ақпан, 2020

Азық-түлік бағасының өсуіне әкімдер кінәлі ме?

339 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет отырысында  Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру шаралары бойынша баяндама жасады.

Азық-түлік бағасының өсуіне әкімдер кінәлі ме?

«2019 жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы 10,4 %-ды құрады. Биылғы қаңтар айы мен өткен жылдың қаңтарын салыстырғанда маусымдық баға өсімі 0,3%-ға өсті, бұл - 2 есеге аз. Мұны өткен жылдың алғашқы айында бағаның өсуімен байланыстыруға болады. Бағаның өсу себептері әкімдіктердің дұрыс баға мониторингін жасамағандықтан болып отыр», - деді Бақыт Сұлтанов.

Министрдің айтуынша, өткен жылы барлық өңірлерде шекті бағадан асып түскен 67 жағдай тіркелген. Алайда бірде-бір әкімдік рұқсат етілген шекті бағаны тұрақтандыру бойынша рәсімдер қабылдамаған.

«Биылғы жылдың қаңтар айында шекті бағадан асып кеткен 7 жағдай қайта тіркелді. Алайда әкімдіктерден әлі де реакция жоқ. Мысалы, Қостанай облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының төмендеуіне қарамастан, тауық еті мен жұмыртқа бағасының 0,7 %-ға артуы байқалады», - деді ол.