Футбол • 04 Ақпан, 2020

Футзал: Қазақстан құрамасы Словенияны ұтты

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан Чехияның Брно қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының топтық турнирінің тұсаукесер кездесуінде Қа­зақстан құрамасы ойда-жоқта Румынияға 1:3 есебімен есе жіберген еді.

Футзал: Қазақстан құрамасы Словенияны ұтты

Жарыс кестесіндегі жағдайды түзеу үшін келесі бәсекеде жерлестерімізге көп тер төгуге тура келді. Бірінші кезеңде Альберт Ақбалықов біздің команданы алға шығарды.

Үзілістен кейін словениялықтар қарқындарын күрт күшейтіп, 28 және 31 минуттарда нысаны дәл көздеді. Бұл голдардың авторлары – Матей Фидершак пен Ален Фетич. 32 минутта Дуглас есепті теңестірді. Көп кешіктей Кристиан Чуец қарт құрлық өкілдерін тағы бір қуантты. Алайда осы матчта қалай да жеңіске жетуді мақсат тұтқан Қазақстан құрамасы үздіксіз шабуылдар ұйымдастырып, көздеген нәтижелеріне қол жеткізді. 38 минутта Лео және кездесудің аяқталуына 35 секунд қалғанда Дәурен Тұрсағұлов мергендік танытты. Қорытынды есеп – 4:3.   

Ертең отандастарымыз Чехиямен күш сынасады. Қазіргі кезде олар алты ұпаймен көш бастап тұр. Румыния мен Қазақстанның қоржынында үш-үш ұпайдан бар. Ал Словения соңғы сатыға жайғасты.