Күрес • 04 Ақпан, 2020

Таэквондо: Алғашқы күні жеті жүлде алдық

186 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ыстамбұлда жалауы желбіреген таэквондошылардың «Turkish Open» деп аталатын халықаралық турнирінің алғашқы күні жерлестеріміз жеті жүлде жеңіп алды.

Таэквондо: Алғашқы күні жеті жүлде алдық

Анадолы еліне Қазақстанның жекпе-жек шеберлері жақсы даярлықпен келгені бірден байқалды. Жарыс барысында жасындай жарқыраған Әлімжан Серікбаев (63 кило), Смайыл Дүйсебай (87 кило) және Жансел Дениз (73 кило) ақтық сайыста ғана ұтылып, күміс медальді мойындарына ілсе, Елдар Бірімбай (68 кило), Ақсауле Ерқасымова (+73 кило), Лес Абдуссамат (74 кило) және Руслан Жапаров (+87 кило) қолаға қол созды.

Естеріңізге сала кетейік, Түриядағы тартыс бүгін өз мәресіне жетеді. Бұл жарыста Қазақ елі намысын 11 спортшы қорғауда.