07 Тамыз, 2013

Футбол. Чемпиондар лигасы: «Шахтер» келесі кезеңге шықты

351 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Скаендербеу-Шахтер

Қарағандының «Шахтер» командасы Тирана қаласында Албанияның «Скендербеу» клубымен өткен кездесуде екі ойынның нәтижесі бойынша Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне шықты.

Бұл кездесуде әуелі Сергей Хижниченконың есепті ашуға мүмкіндігі болған. Ол алаңның ортасынан әдемі шығарылған пасты ұтымды пайдаланса да, сол қапталдан жалғыз өзі қақпашымен бірде-бірге шығып, доп соғуға мүмкіндікті жіберіп алды. Доп қақпаның сол жақ бұрышының жанынан өтіп, қиыс кетті. Осыдан кейін алаң иелері шабуылды үдете түсіп, бірінші таймда бірден үш гол салды. Алдымен, 9-минутта Томич есеп ашты. Ол «Шахтердің» айып алаңында қорғаушылардың бір-бірін түсінбеушілігін пайдаланып, бар-жоғы бір метрден гол соқты. Осы ойында Кумыковтың бір қателігі, бірінші таймда бес бірдей қорғаушыны алаңға шығарғандығы деп ойлаймыз. Осының салдарынан албандар шабуылды жиілетіп, Мокиннің қақпасынабірінен соң бір қауіпті жағдайлар туғызып отырды. Қақпаны алыстан да жақыннан да көздеді. Сондай сәттердің бірінде алаң иелері айып доп алаңында екі рет құлап, пенальти соғуға мүмкінд-ік алды. Албандардың шабуылшысы Шкемби бұл екі мүмкіндікті де 20 және 29минуттарда құр жіберген жоқ. Есеп - 0:3.

Осыдан соң «Шахтер» есін жиып, қарымта шабуылдарға шығып, бірінші таймның соңында есепті қысқартты. Біздің жақтан голды Сергей Хижниченко соқты. Ал екінші таймда Малыйдың орнына алаңға шыққан Мақсат Байжанов өзіне келген мүмкіндікті мүлт жіберген жоқ. Осылайша біздің ойыншылар сырт алаңда жеңілсе де келесі кезеңге өтуге мүмкіндік алды. Қорытынды есеп – 3:2 Матч «Скандербеудің» пайдасына шешілгенімен, отандастарымыз екі ойынның қорытындысы бойынша Чемпиондар лигасының келесі кезеңіне жолдама алды.

«Скендербеу» (Корча, Албания) — «Шахтер» (Қарағанды) – 3:2

Тирана. «Кемал Штафа» стадионы.

Бас төреші: Иван Кружляк (Словакия).

«Скендербеу»: Шехи, Арапи, Адемир (Фагу, 85), Радаш, Гвозденович, Орелеси, Томич (Абази, 61), Лиляй, Морина (Еюпи, 64), Шкемби, Пеич.

«Шахтер»: Мокин, Васильевич, Порываев (Тарасов, 61), Джидич, Малый (Байжанов, 46), Симчевич, Вичюс, Казарян, Каньяс, Финонченко, Хижниченко (Зенькович, 72).

Бірінші ойын – 0:3.

Голдар: Томич (9), Шкемби (20, 29 екеуі де - пенальти) — Хижниченко (38), Байжанов (67).

Ескертулер: Томич, 59 — Василевич, 20. Малый, 29. Джидич, 45.

Ойынның 54-минутында Пеич алаңнан қуылды.

«Скендербеу» — Шахтер» кездесуінің статистикасы:

Доп иелену көрсеткіші: 53% — 47%

Қақпаға соққы: 9 — 10

Қақпаға тура соққы: 6 — 4

Тәртіп бұзу: 2 — 10

Офсайд: 1 — 4

Бұрыштама доптары: 2 — 0

Сары қағаздар: 1 — 3

Қызыл қағаз: 1 — 0.

Дастан Кенжалин.

Соңғы жаңалықтар