Теннис • 04 Ақпан, 2020

Теннис: Бельгияға қарсы қандай құрамда ойнаймыз?

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-8 ақпанда Бельгияның Кортрейк қаласында өтетін теннистен Федерция кубогы жолындағы жарыстың іріктеу сайысында Қазақстан құрамасының корт қожайындарымен күш сынастыны белгілі.

Теннис: Бельгияға қарсы қандай құрамда ойнаймыз?

Бүгін Қазақстан теннис федерациясы жерлестеріміз осы бәсекеде қандай құрамда ойнайтынын ресми түрде жария етті. Бұл кездесуде біздің команданың сапында Юлия Путинцева, Зарина Диас, Анна Данилина және Ярослава Шведова өнер көрсетеді.

Бұл ойыншылардың есімдерінің барлығы да жанкүйерлерге жақсы таныс. Мәселен, Юлия Путинцева мен Зарина Диас бүгінгі таңда әлемнің «ТОП-100» теннисшісі қатарында. Тарқатып айтсақ, WTA рейтингінде Юлия – 34 және Зарина 63 орында тұр. Жуырда ғана олар Мельбурнде өткен Австралияның ашық біріншілігінің үшінші айналымына дейін жетті.

Анна Данилина үздіктер тізімінде 286 орынды иеленсе, жұптар арасындағы рейтингте 122 орынды еншілеуде. 

Ал бірер уақытқа созылған үзілістен кейін кортқа қайта оралған Ярослава Шведова кезінде жекелеген рейтингте 25 сатыға дейін көтерілсе, жұптық рейтингте төртыншы орынды иеленген.