Кездесуде Кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Салават Құлмахан, Кәсіпкерлердің құқығын қорғау кеңесінің төрағасы Болат Нұрхожаев және палатаның Байқоңыр қаласындағы филиал директоры Алмат Өтегенов атқарылған жұмыстар туралы кәсіп иелеріне жан-жақты ақпарат беріп өтті.
Кәсіпкерлер салық саласы бойынша заңнамадағы өзгерістер, жеңілдіктер жөнінде сұрап, бақылау-кассалық аппараттарына қатысты мәселені ортаға салды. Сондай-ақ жеңілдетілген несие алу кезіндегі кепіл мүлік мәселесін, айналым қаражатына берілетін кредиттерде жеңілдік жоқтығын, жер телімін алуға қатысты жайтты қозғады. Жолаушы тасымалымен айналысатындар автобекет пен жол жүру белгілерінің проблемаларын көтерді.
Өткен жылы Байқоңыр қаласында «Бастау» жобасы бойынша 148, «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 34 адам біліктілігін жетілдіріп, олардың ішінде 87 бастаулық және 17 жас кәсіпкер 100-ден 200-ге дейінгі айлықтық есептік көрсеткіш көлемінде қайтарымсыз қаржыға ие болды.