07 Тамыз, 2013

Қазақстаннан асырап алған балаларын зорлаған америкалықтар 10 жылға түрмеге кесіледі

338 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Супруги Мэйотт-3

Қазақстаннан ағалы-қарындасты екі жеткіншекті асырап алған америкалық ерлі-зайыпты 49 жасар Линда және 50 жастағы Джозеф Мэйоттардың сол өкіл балаларын зорлағандары дәлелденер болса, олардың әрбіріне 10 жылдан түрмеде отыру қаупі төніп тұр. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Айыпталушы Линда Мэйотт өзін 2005 жылдан бері екі жылдың көлемінде қазақстандық жеткіншектің зорлап келгенін, оның жыныстық құмарлығын қанағаттандыруға қарсылық білдірген кезінде тұншықтыруға әрекет жасағанын айтып шағынды» деп жазады осы тұста Worcester Telegram & Gazette газеті. Өз кезегінде қазір 21-ге келген жас жігіт бұл байланыстың бастамашылы әйелдің өзі болғанын, бұған өзінің қарсылық жасай алмағанын айтып отыр.

«Ол мені ұдайы бақылауды ұстап отырды. Ол мені қалады, – дейді Мэйотт сосын. – Ол басқыншылық рөл ойнады. Мен бастамашыл болғаным жоқ». Әйелдің айтуынша, сол кездері 13 жасар жасөспірім өзін өте дөрекі ұстаған, егер бұл жыныстық қалауын орындамаса, полицияға шағым жасайтын болып қорқытқан. Сөзіне қарағанда, ол басында өзіне шабуылдаушы балақайдан қорғанбақ болған. Бірақ мойнынан шап беріп ұстап, қылғындырмақшы болғасын, қарсылығын қойған. Айтуы бойынша, бұл оқиғаның сыртқа шығып кетпеуін қалаған. Себебі, отбасын бұзып алғысы келмеген. «Нәтижесінде мен қарсылық көрсетуді қойдым», – деді әйел сот алдында. Сол кезде адвокат: «Неге?» деген сұрақ қояды. Бұған әйел: «Мұның бәрі бос тірлік болар еді. Бұдан ешқандай пайда болмас еді» деп жауап берді.

Линда Мэйоттың айтуына қарағанда, зорлау оқиғасы 2007 жылдың көктемінде оның екіқабат болып қалғаны анықталғанға дейін жалғасып келген. Кейін ДНК тесті бөбектің биологиялық әкесі жасөспірім бала екенін көрсетіп берген.

Әйел өзін айыптау оқиғасының 2009 жылы асыранды баланың үйден әшекейлі заттарды ұрлап алғаны белгілі болғаннан кейін басталғанын айтады. Ол сондай-ақ бозбаланың сол кездері өзімен достасып жүрген қыздың үйіне кеткісі келетінін айтып жүргенін де мәлімдеді. «Мен оны үйіме әкелдім. Оған өз сүйіспеншілігім мен жақсы тәрбие бергім келді. Саған залал келтіргенімен, оны жақсы көргің келеді», деп жылаған әйел көзінің жасын сүртті.

Дегенмен, округ прокурорының көмекшісі Черил Риддл айыпталушы Линда Мэйоттың зорлау дерегі бойынша бірінші рет полицияға берген түсініктемесі мен соттың алдында айтып отырған мына сөздерінің бір-бірімен қабыспайтынына назар аударды.

Нортбриджде тұратын Линда мен Джозеф қазір өздеріне тағылып отырған айыптаулардың бәрін жоққа шығаруға ұмтылып жатыр. Мұның алдында Джозеф Мэйотт өзінің 17 жасар қазақстандық қызға зорлық жасағанын мойындамай отыр. Ал оның өкіл қызы өгей әкесінің өзін қасына алып жатуды мұның 8 жасында бастағанын айтқан. Сол кезде ата-аналар бүлдіршін қыз жалғыз жатудан қорқады деген сылтаумен солай еткен көрінеді.

Осы оқиғаға байланысты ерлі-зайыптылар 2009 жылы бірінші рет тұтқынға алынған екен. Бірақ сот 2010 жылы оларды жазықсыз деп тауып, құлып астынан босатып жіберіпті. Арада үш жыл өткеннен кейін сот сол іске қайтып оралып отыр.

Мұрат Айтқожа.