Бокс • 04 Ақпан, 2020

Бокс: Мажарстандағы турнирді жеңіспен бастадық

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мажарстанның Дебрецен қаласында Иштван Бочкайды еске алуға арналған боксшылардың дәстүрлі халықаралық турнирінің жалауы желбіреді.

Бокс: Мажарстандағы турнирді жеңіспен бастадық

Жарыстың алғашқы күні Қазақстаның төрт өрені шаршы алаңға көтеріліп, барлығының да мерейі үстем болды. Атап айтсақ, 57 кило салмақтағы Айдос Арапов Ботсванадан келген Майтева Тефоны, 75 кило салмақтағы Ермахан Жақпеков ресейлік Магомед Әлімсұлтановты және 57 кило салмақтағы әйелдер арасындағы сайыста Айдана Забынбекова чехиялық Ленка Бернардовадан басым түсті. Бұл бәсекелердің барлығында 5:0 есебі тіркелді.

Ал аса ауыр салмақтағы Дамир Тойбай мен мажарстандық Ласло Фелфолди арасындағы жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Бірінші раунда қандасымыз қарсыласын нокдаунға жіберді. Үзілістен кейін дәл сол жағдай ана-қатесіз қайталанды. Қарсы жақтың бапкерлері рингке ақ орамал тастауға мәжбүр болды. 

Алдағы күндері жерлестеріміз есімдері төменде аталған былғары қолғап шеберлерімен жұдырықтасады:

52 кило: Махмуд Сабырхан  – Нандор Сока (Мажарстан)

63 кило: Санатәлі Төлтаев – Дмитрий Асанов (Беларусь)

69 кило: Талғат Шәйкен – Капинга Шипан (Ботсвана)

81 кило: Нұрбек Оралбай – Хабрезе Мобин (Австрия)

91 кило: Айбек Оралбай – Владислав Смягликов (Беларусь)