Теннис • 04 Ақпан, 2020

Теннис: Франциядағы турнирде топ жарды

225 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық жұп – Александр Недовесов пен Андрей Голубев Францияда өткен ATP Challenger санатындағы турнирдің жеңімпазы атанды.

 

Теннис: Франциядағы турнирде топ жарды

Бастапқы бәсекелердің барлығын өз пайдасына шешкен жерлестеріміз финалдық сайыста Хорватия теннисшілері – Иван мен Матей Сабановқа сан соқтырды. Есеп – 6:4, 6:2.

Осылайша Александр Недовесов пен Андрей Голубев жұбы биылғы жылы өздерінің екінші титулын жеңіп алды. Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айының екінші жартысында олар Таиландта өткен турнирде топ жарған еді. Сол жарыстың ақтық сынында отандастарымыз таиландтық Санчай Ративата мен индонезиялық Кристофер Рункаттан 3:6, 7:6 (7:1), 10:5 есебімен басым түсті.