Спорт • 04 Ақпан, 2020

Гандбол: Қазақстан Олимпия ойындарының іріктеу турниріне қатысады

374 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қол добынан Қытайдың әйелдер құрамасы 20-22 наурызда Венгрияның Дьер қаласында өтетін Олимпия ойындарының іріктеу турниріне қатысудан бас тартты.

Гандбол: Қазақстан Олимпия ойындарының іріктеу турниріне қатысады

Оған себеп, қазіргі кезде Аспанасты елінде коронавирус дертінің ушығып тұруы. Осылайша, олардың орнына айтулы жарыста Қазақстан құрамасы бақ сынайтын болды.

Сөз орайы келгенде, Халықаралық гандбол федерациясының таңдауды жерлестерімізге бекер түспегенін айта кетуге тиіспіз. Бүгінгі таңда Қазақстанның әйелдер құрамасының Азия құрлығы бойынша рейтингі өте жоғары. Біздің арулар Олимпия ойындарына бір мәрте және әлем чемпионатына бес рет қатысты.

Екі рет Азия чемпионы атанып, Азия ойындарында үш рет жеңіс тұғырына көтерілді.