07 Тамыз, 2013

61 жастағы қарағандылық әйел өзін пойыздың астына тастады

347 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Поезд-1

Қарағандыда тұратын 61 жастағы әйел өзін электричка деп аталатын пойыздың астына тастап, опат болды. Бұл туралы «Криминальные новости» хабарлады.

Қайғылы оқиға Майқұдық-Жаңа Қарағанды аралығындағы «Восток-3» шағын ауданында орын алды. Бұған опат болушының жүйке науқасына шалдығуы себеп болған сияқты. Ол бұған дейін де бірнеше рет өзін-өзі өлтірмек болып, әрекет жасаған. Осыны білген балалары марқұмды аранйы орындарда емдетіпты. Одан жақсы сауығып та шықса керек. Енді, міне, бәрі артта қалды деп жүргенде, кенеттен...

Қарағанды-Астана электр пойызының машинисі өз түсініктемесінде дазғандай, әйел алдында перронда тұрған, сосын пойыз 200 метрдей жерге келіп қалғанда, рельстердің ортасына барып тұра қалған. Бұл кезде пойызды тоқтату мүмкін емес еді. Олай болған күнде, оның составындағы вагондар бірінің үстіне бірі мініп шыға келеді.

Полиция қызметкерлерінің айтуларынша, осы оқиғаның салдарынан оларға бұрын-соңды болмаған ең бір қолайсыз жұмыстарды атқаруға тура келген.

«Бұған дейін талай нәрсені көріп едік. Кесіліп кеткен қолды да, жұлынып қалған аяқты да, тіпті ұшып түскен басты да көргенбіз. Ал дәл мынадай болып, бауыры бір жақта, жүрегі бір жақта, ішек-қарны бір жақта қалған денені жан-жақтан жинап алып жатқан көріністі бірінші рет көрдік, - дейді желілік полицияның тергеушісі Қайрат Сәттібаев. – Мұндайды көру енді ешкімнің де маңдайына жазбасын.

Мұрат Айтқожа.