Спорт • 04 Ақпан, 2020

Қытай дзюдошылары Grand Slam турниріне қатыспайды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дзюдодан Қытайдың ұлттық құрамасы 8-9 ақпан аралығында Франция астанасы – Парижде өтетін Grand Slam турниріне қатысудан бас тартты.

Қытай дзюдошылары Grand Slam турниріне қатыспайды

Оның себебі түсінікті. Бұл күндері коронавирус дертінің ушығып тұруына байланысты біраз мемлекетпен Қытайдың шекарасы тарс жабық. Сол себепті де Аспанасты еліне кіріп-шығу қиындады.

Осыны қаперге алған айтулы мемлекеттің Дзюдо федерациясының басшылары жарысты ұйымдастырушыларға ресми хат жолдап, Париждегі додада бақ сынаудан бас тартатындарын мәлімдеді. 

Сөз орайы келгенде, бүгінгі таңда Қытайда күрестің бұл түрі тәуір дамып келе жатқанын айта кетейік. Осыдан төрт жыл бұрын олар Рио-де-Жанейрода өткен Олимпия ойындарында қос қола медальді иеленсе, әлем чемпионаттарында да ара-тұра жүлде алып жүр.