Аймақтар • 04 Ақпан, 2020

Қызылорда облысы: Жатақхана жайы жыр болып тұр

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Nur Otan партиясы облыстық филиалы жанындағы бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Қызылорда облысы: Жатақхана жайы жыр болып тұр

Жиында партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ақмарал Әлназарова арнайы топ бұған дейін өңірдегі оқу орындарының жатақханаларына мониторинг жүргізіп, бірқатар кемшілік анықтағанын атап өтті.

Мәселен, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің №1 студенттік жатақханасы күрделі жөндеуді қажет етеді. Студенттердің жатын орындары белгіленген нормативтік талаптарға сай емес. Компьютерлік зал толық жабдықталмаған. Жатақханадағы 345 студентке бөлінгені 3-ақ компьютер.  

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институтының тұрғын үйдің 1 қабатында орналасқан жатақханасы медициналық пунктпен қамтамасыз етілмеген, ондағы 21 студент үшін не оқу залы, не компьютерлік кабинет жоқ. Мұндай кемшіліктер Қазанғап атындағы Қызылорда музыкалық жоғары колледж жатақханасынан да анықталған, – деді Ақмарал Әлназарова.

Мониторинг барысында Сырдария аграрлық-техникалық колледж жатақханасының кіреберісіндегі пандустардың талапқа сай еместігі, Жалағаш индустриалды-аграрлық колледж жатақханасында медициналық пункттің жоқтығы және Жаңақорған аграрлы-техникалық колледж жатақханасының күрделі жөндеуді қажет ететіндігі анықталған.

Жиын барысында оқу орындары мен тиісті сала басшыларының хабарламалары тыңдалып, оларға кемшілікті қалыпқа келттіру үшін нақты тапсырмалар берілді.

 

Қызылорда облысы