08 Тамыз, 2013

Торғайдан мұнай табыла ма?

289 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Қандай да бір жүзеге асырылған істің бастамашысы болады. Біздің қазақ теңеу сөзге, әсірелеп, көркем­деп сөйлеуге аса шебер халық қой. Ондайда «бұл іске ол мұрындық болды» дейді. Бүгінде идея иесі деп жүрміз. Сапар Ысқақұлы сондай жақсы істерге үнемі мұрындық болып жүретін азамат.

 

Қандай да бір жүзеге асырылған істің бастамашысы болады. Біздің қазақ теңеу сөзге, әсірелеп, көркем­деп сөйлеуге аса шебер халық қой. Ондайда «бұл іске ол мұрындық болды» дейді. Бүгінде идея иесі деп жүрміз. Сапар Ысқақұлы сондай жақсы істерге үнемі мұрындық болып жүретін азамат.

Сапар Ысқақұлының осы кезге дейін елі үшін атқарған игі істерін айтып тауыса алмайсыз. Солардың әрқайсысы қызықты хикая, тыңдасаң еш жалықтырмайтын әдемі әңгіме. Ол – жиһангерлікпен әлемнің жүзден астам елі мен же­рін аралап саяхаттай жүріп, Оңтүстік полюс пен Солтүстік полюс­ке барып, сонда тәуелсіз Қазақ­станның көк туын желбіреткен қазақ. Меценаттық, қайырымдылық жолымен өнер мен мәдениетке қаржы бөліп, қамқорлық көрсетіп жүретіні көпке мәлім.

Бар қаржысын жұмсап, ол жет­пеген соң, банктен жүздеген миллион теңге қарыз алып, алты жыл бойы салған Қобыз сарайы тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы қар­саңында бой көтеріп, қала сәулетіне сәулет қосқан көрікті ғимараттардың біріне айналды. Астанамызда арнайы Қобыз сарайының салынып, іске кірісуі республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиға болды. Онда қазір қазақтың қылқобыз бастаған «Көк түріктер» атты көне ұлт аспаптар ансамблі құрылып, көрермендерге қызмет көрсетуде. Қобыз сарайының сыртқы келбеті еш ғимаратқа ұқсамайтын ерекше болса, ішкі концерт залының көрік-сәулеті де көз сүйсіндіреді. Қазақтың керемет кең киіз үйінің ішінде отырғандай әсерде боласың.

Соңғы кезде Сапекеңнің ойына Торғай мұнайы кіріп алып, шықпай қойды. Көршілес Қызылорда мен Ақтөбе облыстары өз жерлерінен табылған мұнайды өндіріп, ел игілігін көріп отыр. Ал Торғай облысы болса, бір емес екі рет жабылып қалып, қайта ашылар түрі көрінбейді. Оның үстіне бұрынғы шаруашылықтары шалқыған кеңшарлардың жаппай жекешелендіріліп, ыдырап кетуіне байланысты жұмыссыз қалған ел көшіп, халық саны азайған үстіне азая түсуде. Ал жамбасының астында жатқан қара алтын көздерін ашып, мұнай өндірсе, жұмыссыздарға жұмыс, табыссыздарға табыс емес пе.

Ұлы Торғай ойпатының көп жерін Амангелді және Жангелдин аудандары алып жатыр. Екеуі де тағдырлас тарихи аудандар. Бұл ел, бұл жер Абылай жорықтарында тұлпар мініп, ту ұстап, қол бастаған Шақшақ Жәнібек пен Тілеулі батырлардың, Кенесары ханның патша әскерімен шайқастарында ерен ерлік еткен Иман мен Жәуке батырлардың, 1916 жылғы Торғай көтерілісінің хас батырлары Аманкелді Иманов пен Кейкінің, Алаш арыстары Ахаң мен Жақаңның, Сырбай мен Ғафаңдардың елі. Сонымен бірге, Қойлыбай бақсының шәкірті Тілеп қобызшы мен әулие Назар абыз, Сатыбалды мен Файзолла ишандар, Құлымбет әулие, Оспан қожалар және басқа ишандар мен әулиелер жатқан киелі де қасиетті мекендер. Сол себеп­ті де Торғай елі жүдеушілікке ұшырамауы тиіс.

Осы ойлар Сапекеңің түн ұйқысын төртке бөліп, мазалай берді-мазалай берді. Алайда, мұнай шығаратын күш қайда? Қаржысы болса, ойланбай осы іске салып, аямай жұмсар еді. Бірақ жоғарыдағы жүздеген миллион теңге несиесін кемі он жылда өтей алса жақсы. Үкіметтің Торғай мұнайына әзір көңіл бөлер ойы жоқ. Енді қайтпек керек? Өзі сияқты Торғайға жаны ашитын қаржылы азаматтарды тауып, соларға ел атынан салмақ салып көрсе қайтер еді? Несі бар, тамаша идея! Осы ойға мықтап бекінген ол кәсіпкер ел азаматтарын ой елегінен өткізе бастады. Бірақ Қостанай, Торғай төңірегінен ондай мол қаржысы бар адамның төбесі көрінбеді.

Сапар енді өзге өңірлерден қаржылы азамат табуға қам жасады. Тапты да. Олармен түрлі кездесу кездерінде кездесіп сұх­баттасып жүретін-ді. Жақсылап танысқан, біліскен. Серікжан, Мах­мұт есімді кәсіпкер азаматтар өзі секілді аңқылдаған ақ көңіл, өз елдерінің Атымтай жомарт, меценаттары екен, достасып кетті. Бірі Шымкент, екіншісі Алматы қаласының тұрғындары, Тілеп қобыз сарайының ашылуы мен концертін көріп тамашалап, Сапарға өте риза болып қайтқан. Өздері Қызылорда облысының тумалары. Сапекең Торғай жері олардың да ата-бабаларына қоныс болғанын, Сыр елі мен қыр елі жаз жайлауда шұрқыр