Игі шараға Алматы қаласынан Одақтың басқарма төрағасы Жүрсін Ерман, Nur Otan партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің директоры Ерлан Қарабалаев, Nur Otan партиясы Орталық аппараты Саяси жұмыс департаментінің бас консультанты Еркебұлан Жаулыбаев арнайы қатысып, өз құттықтауларын білдіріп, филиалды ресми түрде ашып берді.
Жиынға Нұр-Сұлтан қаласындағы аға буын мен жас айтыскерлер түгел қатысты. Жүрсін Ерман бұл филиалдың ашылуын тарихи оқиға деп атады. Ашылу салтанаты әрі қарай дөңгелек үстелмен жалғасып, алдағы жылға жоспарланып отырған айтыстар жайлы талқылау өтті. Қонақтарды Қазақстан Жазушылар одағы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры, айтыскер ақын Дәулеткерей Кәпұлы ғимаратта орналасқан кітапхана, оқу, демалыс бөлмелерімен таныстырды.
Филиал төрағасы болып аға буын айтыскерлерінің бірі, филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Серікзат Дүйсенғазы тағайындалды.
Одақтың басқарма төрағасы Жүрсін Ерман бұл филиал Нұр-Сұлтан қаласының ақындары мен қонақтарының маңдай тірейтін екінші үйі болатынын айтып, ақындарға ақ батасын берді.