Волонтер жылы «Біз біргеміз!» акциясы аясында «Астана жастары» жастар ресурстық орталығындағы волонтерлер штабының мүшелері елордадағы П.Шубин 23 мекенжайында орналасқан жалғызбасты ананың ауласын қардан тазартып берді.

Қаңтардағы қарлы боран Қазақстанның бірнеше аймағындағы тұрғындарды әбігерге салғаны белгілі. Осыны ескерген елорда жастары жоғарыда аталған акцияны қолға алып, оны Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, өнер, спорт жұлдыздары қолдаған еді. Игі бастаманы Нұр-Сұлтандағы волонтерлер де жалғастыруда. Оған өз көзімізбен куә болдық.
– Өздеріңіз көріп отырғандай, қар биыл қалың жауды. Тиісінше біздің волонтерлер де бей-жай қарап отыра алмады. Көмекке мұқтаж жандар туралы ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласына қарасты аудандық әкімдіктен алып отырмыз. Осы күні біз елорда аумағындағы Алматы, Сарыарқа, Байқоңыр және Есіл аудандарындағы мүмкіндігі шектеулі жандардың, көп балалы және жалғызбасты аналардың, қариялардың өтініші бойынша барлығы 200 жеке тұрғын үй ауласында қар тазаладық, – дейді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Ақерке Ақтай.
Оның айтуынша, ресурстық орталықтағы волонтерлер базасында 2000-ға жуық азамат тіркеліпті. Оның ішінде белсенді дегені 200-ге жуықтайды. Солардың көмегімен бас-аяғы 48 мың шаршы метр қар тазаланыпты. Жалпы, қаңтар айынан бастап қолға алынған акцияны қалалық әкімдікпен қатар, Тұрсынбек Қабатов, Айгүл Иманбаева, Асхат Садырбай, Әділ Ахметов сынды өнерпаздар, спортшылар қолдап отыр. Ал Волонтер жылына дөп келген «Біз біргеміз!» акциясына ел көлемінде 50 мыңға жуық азамат атсалысқан екен.
– Жалғызбасты анамын. Балабақшада жетекші болып еңбек етемін. Алпысты алқымдаған анам және екі балдырғаным үшеуіміз тұрамыз. Тазалауға қауқарым болмаған соң, Нұр-Сұлтан қаласындағы Сарыарқа ауданының әкімі Ерғали Қуандықұлына өтініш жаздым. Әкімдіктен іле-шала Бақтияр есімді азамат хабарласып, бір апта мұғдарында көмек көрсетілетінін жеткізді. Енді міне жастар жабыла кетіп, ауламды қардан тазартуда. Қол ұшын созған барша азаматтарға алғысымды білдіремін, – дейді үй иесі Маржан Ахметжанова.
Бұл жолы жалғызбасты ананың
ауласын тазалауға 20-ға жуық волонтер ниет білдіріпті. Басым бөлігі ЖОО, колледж студенттері.
– «Асу» гуманитарлық-техникалық колледжінің 1-курс студентімін. Бірде колледж басшысы волонтерлер қатарына қосылуға болатынымыз туралы айтып, барынша қолдау білдіретінін жеткізді. Мен бұл ұсынысты қабыл алдым. Осылайша волонтерлер қатарына қосылдым. Бұл шешіміме дән ризамын. Себебі мұқтаж жанға қол ұшын созу – мен үшін үлкен бақыт. Қолдан келген көмегімді аямаймын, – деді волонтер Жасұлан Камалов.
Волонтерлер тазалаған қар Сарыарқа аудандық әкімдігімен бірлесе отырып, арнайы техникамен қала сыртына шығарылады.
Алматыда есірткі сатумен айналысқан топ ұсталды
Оқиға • Бүгін, 17:45
Қаңтар оқиғасында 238 азамат қайтыс болды - Бас прокуратура
Қазақстан • Бүгін, 17:32
Мемлекет басшысы Маңғыстау облысының әкімін қабылдады
Президент • Бүгін, 17:21
Қаңтар оқиғасында ұрланған қарудың үштен бір бөлігі табылды
Қоғам • Бүгін, 17:17
Алматыда электрсамокаттар үшін жол белгілері пайда болады
Қоғам • Бүгін, 17:07
Нұр-Сұлтанда бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 16:52
Екібастұз қаласының әкімі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:42
Министрлік жол сапасына қатысты сынға жауап берді
Аймақтар • Бүгін, 16:33
Мал дәрігерлерінің жалақысы өседі
Қазақстан • Бүгін, 16:27
Экономика • Бүгін, 16:15
Арнайы ХҚКО қызметкерінің ұсталуына қатысты түсініктеме берді
Қоғам • Бүгін, 16:04
Автожолдарды қысқы маусымға дайындау жұмыстары пысықталды
Қазақстан • Бүгін, 15:57
Испанияда орман өртін сөндіруге 25 тікұшақ жұмылдырылды
Әлем • Бүгін, 15:41
«Қазақконцерттің» Абай облысына гастрольдік сапары аяқталды
Өнер • Бүгін, 15:33
Қазақстанда электр энергиясының тапшылығы болуы мүмкін
Қазақстан • Бүгін, 15:25
АҚШ-та 30 оқушы отырған мектеп автобусы үйге соғылды
Оқиға • Бүгін, 15:17
Жылу беру маусымына дайындық жүріп жатыр
Қоғам • Бүгін, 15:06
Бүгін «Барыс» «Автомобилист» командасымен кездеседі
Хоккей • Бүгін, 14:55
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Ұқсас жаңалықтар