Руханият • 05 Ақпан, 2020

Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді

659 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласында 8-ақпан күні Ұлы Абайдың 175 жылығына орай «Адамзаттың алыбы – хәкім Абай» атты республикалық ақындар айтысы өтеді.

Елордада Абайдың 175 жылдығына арналған республикалық айтыс өтеді

Мәдениет және спорт министрлігі мен Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ұйымдастыратын айтыс Nur Otan партиясының қолдауымен өтеді.

Айтысқа Дидар Қамиев, Рауан Қайдаров, Еркебұлан Қайназар, Мұхтар Ниязов, Мейірбек Сұлтанхан, Рүстем Қайыртай,  Әсем Ереже, Болатбек Оразбаев, Тілеген Әділов, Қалижан Білдәшев, Нұрлан Есенқұлов, Шалқарбай Ізбасаров, Ершат Қайболдин, Нұрзат Қару, Марат Ахметов, Серік Қуанған сынды 16 ақын қатысады. Дүбірлі доданы Жүрсін Ерман жүргізеді.