Жақында Қазақстанның Жапониядағы елшісі Ақылбек Камалдинов Хиросима қаласына тасталған атом бомбасынан қаза тапқандарды еске алуға арналған 68-ші бейбітшілік шарасына, Атом және сутегі бомбаларына қарсы дүниежүзілік конференцияға, сондай-ақ, «Бейбітшілік үшін мэрлер» атты 8-ші Халықаралық қозғалысының бас конференциясына қатысты, деп хабарлады СІМ-нің баспасөз қызметі.

Дүниежүзілік конференцияның ашылу рәсімінде А.Камалдинов қатысушыларға Қазақстан Президентінің арнайы жолдауын оқып берді.
«Қазақстандықтар үшін ядролық полигонның жабылуы еркіндік пен даналықты, болашаққа деген сенімді айғақ еткен тарихи шешім. Біз өз ісімізбен әлемге бейбітшілікке апарар жолды көрсете білдік», делінген жолдауда.
Аталған шаралар барысында елші жаңадан тағайындалған Жапония Парламенті кеңесшілер палатасының президентімен, Хиросима қаласының мэрімен, «Бейбітшілік үшін мэрлер» атты қозғалыстың президентімен, Нагасаки қаласының мэрімен, сондай-ақ, Хиросима қаласының мәдениет және бейбітшілік қорының төрағасымен кездесті. Сонымен қатар, А.Камалдинов 9 тамызда Нагасаки қаласына тасталған атом бомбасынан қаза тапқандарды еске алуға арналған бейбітшілік шарасына да қатысады.
Қазақстан Жапонияда өңірлік және ғаламдық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосып келе жатқан ел ретінде, қарусыздану және ядролық қаруды таратпау саласындағы көшбасшы ретінде танымал.
«Егемен-ақпарат».