Қазақстан • 05 Ақпан, 2020

Жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Н.Нығматулиннің төрағалығымен Мәжілістің жалпы отырысы өтті.

Жарнамада «лотерея» сөзін қолдануға тыйым салынады

Күн тәртібіндегі мәселе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне лотереялар және лотерея қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жөнінде болды.

«Заңсыз лотерея ойнататындар әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея қызметін жүзеге асыруына тыйым салынады. Лотерея қызметінінің атын жамылып, жарнамада жалған лотереялық қызмет туралы ақпарат таратудан азаматтарымыз қорғаусыз қалып отыр. Осыған орай лотерея операторынан басқа жарнамада лотерея сөзін қолдануға тыйым салу енгізіліп отыр», - дейді Ақтоты Райымқұлова.  

Мәдениет және спорт министрінің айтуынша, бұл заң аясында лотерея операторының қызметіне кедергі жасап жүргендер анықталатын болады.