Жылдың басты оқиғасы болып табылатын Еуровидение байқауына Димаш Құдайберген тек қонақ ретінде қатысатыны жайлы мәлімдеді.
- «Құрметті достар, Еуровидение байқауына Ресей атынан қатысу туралы көптеген хат келіп түсіп жатыр. Бұл байқауға мен тек қонақ ретінде шақырса ғана қатысуым мүмкін. Қатысушы ретінде байқауға қатыспаймын және керек деп санамаймын. Аса құрметпен жанкүйерлеріме айтарым, халықаралық аренада мен тек қана бір елдің атынан шыға аламын, ол - менің Отаным Қазақстан! Қолдауларыңыз бен ыстық ықыластарыңызға рақмет. Менің «Арнау» атты жеке концерттік турнемде кездескенше!» - деді Димаш Құдайберген.