Аймақтар • 05 Ақпан, 2020

Кәсібін дамытуға несие алғандар қатары артты

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен жылы Қызылорда облысының Қазалы ауданында жалпы құны 2 млрд 255 млн.теңгені құрайтын 256 жобаға несие берілген. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Кәсібін дамытуға несие алғандар қатары артты

Палата өкілдері мен аудан кәсіпкерлерінің кездесуінде аймақта саланы дамыту бағытындағы бастамалар жайлы да, бизнестің мәселелері туралы да айтылды.

Ауданда кәсіппен айналысуға ниетті азаматтар қатары уақыт өткен сайын көбейіп келе жатқандығы байқалады. Қазір жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 4302-ге жеткен.

Былтыр аудандағы 250 азамат 106,7 млн.теңге мемлекеттік қайтарымсыз қаржыға қол жеткізіпті. Сондай-ақ жалпы құны 2 млрд 255 млн.теңгені болатын 256 жобаға мемлекеттік бағдарламалар аясында жеңілдетілген несие алынған.

Өткен жылы 600 қазалылық «Бастау», «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша оқып біліктіліктерін жетілдірсе, 169 тұрғын «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысқан.