Аймақтар • 05 Ақпан, 2020

Адасқан баланы ата-анасына табыстады

366 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шиелі аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» күре жолының бойында адасып жүрген 9 жасар баланы ата-анасына табыстады.

Адасқан баланы ата-анасына табыстады

Ақпан айының алғашқы күні түнгі сағат 23:00 шамасында күре жолмен келе жатқан полиция қызметкерлері Сунақ ата ауылы мен 19 разъезд аралығында жүрген баланы байқап қалған. Тоқтап, жөн сұрасқан олар баланың жолға әке-шешесімен бірге шыққанын анықтапты. Автокөлік аялдаған тұста баланың сыртқа шыққанын байқамаған әке-шешесі жолға шығып кете барған.  

Бала айтқан белгілер бойынша «Лада-Веста» көлігіне іздеу салған полицейлер көп ұзамай жолаушыларды тапты. Бір таңғаларлығы, Ресейден Тәжікстанға бет алғандар баланың жолда түсіп қалғанын тәртіп сақшылары тоқтатқан кезде ғана біліпті.

Полицейлер бала мен ерлі-зайыптылардың туыстық қатынастарын растайтын құжаттарын тексеріп, сәттілік тілеп шығарып салды.