Спорт • 05 Ақпан, 2020

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында белдесетін балуандар анықталды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

18-23 ақпан аралығында Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионатының жалауы желбірейді.

Әйелдер күресінен Азия чемпионатында белдесетін балуандар анықталды

Айтулы жарыста Қазақстанның әйелдер командасы мынадай құрамда өнер көрсетеді:

 50 кило – Валентина Исламова

53 кило – Татьяна Ахметова

55 кило – Марина Зуева

57 кило – Алтынай Сатылған

59 кило – Мадина Бақбергенова

62 кило – Аяулым Қасымов

65 кило – Гауһар Мұқатай

68 кило – Әлбина Қайыргелдинова

72 кило – Жәмила Бақбергенова

76 кило – Елмира Сыздыкова

Бұл күндері біздің балуандар Нұр-Сұлтанда бас қосып, Азия чемпионаты қарсаңындағы өздерінің соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Құрама бапкерлерінің айтуынша, қазіргі кезде қыздардың көңіл-күйі жақсы, барлығы да бабында.