«Өңірлерде жобаларды сапасыз жоспарлау проблемасы бар. Бастапқыда қойылған мақсат күткен нәтижеге сай келмей қалған тұстар кездесті. 2020 жылға арналған жаңа жоспар аталған проблемаларды ескере отырып жасалды. Мемлекеттік хатшымен бекітілген ол 122 бөлімнен тұрады», - деді Дәурен Абаев.
Министрдің айтуынша, жоспар негізгі үш бағытта жүзеге асырылады.
«Сапа көтерілер деген сенімдеміз. Бөлімдердің санын екі есе қысқарттық. Жоспар негізгі үш бағытта жүзеге асыруды көздейді. Біріншісі – жеке даму. Екіншісі – ұлттық бірегейлік пен халықаралық таныстырылым. Үшіншісі – мемлекеттің, азаматтық қоғам мен жергілікті қоғамдастықтардың дамуы. Бұған дейін айтқанымдай, биыл құжат бойынша шаралар легі екі есе қысқарды. Осы шаралардың үштен бірі ғана форумдар мен фестивальдардан, сайыстар мен конференциялардан тұрады», - деді Дәурен Абаев.