08 Тамыз, 2013

Күріш кластері: даму динамикасы қандай?

702 рет
көрсетілді
11 мин
оқу үшін

Қызылордаңыз негізінен аграрлы аймақ болып саналады ғой. Оның ішінде күріш шаруашылығымен аты шыққаны да мәлім. Бір кездері ен даланы кетпенімен игеріп күріш сепкен Ыбырай Жақаевтың бүгінгі ізбасарлары аз тірлік атқарып жатқан жоқ. Дегенмен де күріш кластерінің даму динамикасы айтарлықтай деп те айта алмаймыз. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа басшылыққа келген бетте бірнеше саланы дамытуға басымдық берді. Соның ішінде осы күріш шаруашылығы да бар. Жақында күріш кластерін дамытуға байналысты үлкен жиын өтті. Сол мәжіліс кезінде аймақ басшысы қадау-қадау мәселенің бәрін басын ашып айтты.

Қызылордаңыз негізінен аграрлы аймақ болып саналады ғой. Оның ішінде күріш шаруашылығымен аты шыққаны да мәлім. Бір кездері ен даланы кетпенімен игеріп күріш сепкен Ыбырай Жақаевтың бүгінгі ізбасарлары аз тірлік атқарып жатқан жоқ. Дегенмен де күріш кластерінің даму динамикасы айтарлықтай деп те айта алмаймыз. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аймаққа басшылыққа келген бетте бірнеше саланы дамытуға басымдық берді. Соның ішінде осы күріш шаруашылығы да бар. Жақында күріш кластерін дамытуға байналысты үлкен жиын өтті. Сол мәжіліс кезінде аймақ басшысы қадау-қадау мәселенің бәрін басын ашып айтты.

– Ауылдағы қандастарымыздың күнкөрісі күрішке байланысты болған­дықтан мен осы қызметке келгелі бері оның төңірегіндегі жағдайларға барынша талдау жасауға тырыстым. Алай­да, талдау қорытындысы бізді тіптен қанағаттандырмайды. Кеңес өкіметі ыдырағаннан кейінгі облыста бұл саланың өсіп-өркендеуі өз дәрежесінде болмаған деп толық айтуға негіз бар. Оның дәлелі біздің күріш өндірушілеріміз әлі күнге дейін Кеңес өкіметінің кезіндегі жетістіктерге жете алмай келеді. Мысалы, Ресейдің Краснодар өлкесінде өткен жылы егілген 110 мың гектардан орташа есеппен 71 центнерден күріш алынған. Ал, бізде ше? 37 центнер. Айырмашылық айтпаса да түсінікті. Себебі, жекешелендіру кезеңінде жер, шаруашылықтар, техникалар, ондағы материалдық базалар бөлініске түсіп, бір шаруашылықтың өзі 35-40-қа бөлінді. Бүгінде күріш өсірумен 371-ден астам шаруашылық құрылымдары айналысады. Жыл сайын күріш егісі 74-75 мың гектарды құрайды. Оның 34,3 мың гектары немесе 46 пайызы 1000 гектардан астам егетін 19 ірі шаруашылық үлесінде; 17,4 мың гектары немесе 23 пайызы 500 бен 1000 гектар аралығында егетін 24 шаруашылық үлесінде болса; 22,4 мың гектары немесе 30,2 пайызы 500 гектардан кем егетін 328 майда шаруашылықтар меншігінде екен. Атап өтетін жайт, күріш өсіруде көптеген қиындықтар туындап отыр. Оның бір себебі, өндірілген өнімнің өзіндік құны жоғарылап кеткендігінде болып отыр. Осы ғасырдың бас кезінде облыстың күріш өндірісіне бірнеше ірі инвесторлар келгенін жақсы білесіздер. Олар «Қазақстан күріш компаниясы» ЖШС, басында «Томирис» кейіннен «Дихан күріш компаниясы», «Шапағат» кейіннен «Алуан Ас» ЖШС-лар. Аталған инвесторлар тарапынан күріш өндіруге инвестиция тартылып, әрқайсысы 4-10 мың гектарға дейін күріш еккен. Дегенмен, бүгінгі күнге аталған компаниялар серіктестік негізде жұмыс жасаған күріш шаруашылықтарын орта жолда тастап кетіп, қазіргі кезде олардан қалған шаруашылықтарға күріш егу үшін биылғы жылы қаржылай және материалдық көмек жасауға мәжбүр болып отырмыз,– дейді Қырымбек Елеуұлы.

Әкімдіктің мойнына аяғын асып қоятындар бұлар ғана емес екен. Мәселен, 2 мың гектардан астам күріш егіп жүрген «Алтын дән» ПВА» жауапкершілігі шек­теулі серіктестігі де келер жылы осы кепті киеді. Сондықтан Жалағаш жә­не Қармақшы аудандарының әкімдері осы бастан ойланып, тиісті жұмыстар ұйымдастырмаса болмайды. Сондай-ақ, бірер жылдан бері Ақсу ауылы тұрғындарының «Сәрке батыр» серік­тестігінің жұмысына наразылығы күшейіп келеді. Осы орайда Жалағаш ауданының әкімі Серік Сермағамбетов нақты іс-әрекет жасауы керек. Келесі жылы ауыл тұрғындары жерлеріне ие болып, өздері егін егуге мүмкіндік алулары қажет. Әйтпесе, бұл тірлік осы күйінде созбалана беретін түрі бар. Аймақ басшысы аудан әкіміне қараша айына дейін осы мәселенің шешімін табуын тапсырды.

Сонымен қатар, облыста жеке тұлға­лардан қаржы алып күріш өндірумен шұғылданатын шаруашылықтар бар. Қолда бар мәлімет бойынша олардағы күріш егісінің көлемі 17 мың гектардан астам көрінеді. Олар шаруашылық басшыларымен келісімшартқа отырып, күзде әр килогра мм күрішті 25-27 теңге аралығында алып келген. Ал биыл 30 теңге көлемінде бағалап отыр. Бұл не деген сөз? Келісімшарт инвестордың ыңғайына қарай жасалған. Осы бойынша шаруашылықта өндірілген өнім түгелдей инвестор кәсіпкердің қарамағына өтіп кетуіне жағдай жасайды. Нәтижесінде шаруашылықта жұмыс атқаратын ұжым мүшелерінің әлеуметтік жағдайына кері әсерін тигізеді. Байқасаңыз, бүгінде жеке тұлғаның қаражатына күріш өндіруге аса ынталы шаруашылық басшылары баршылық. Ал бұл шаруашылық басшылары өз халқының қамын ойлаудан гөрі жеке пайдасын көп көксейді деген ойға жетелейді. Бұл орайда әкім қарапайым ғана есепке жүгінеді. «Біз үстіміздегі жылы күрішке төленетін субсидия нормасын 25,0 мың теңгеге көтердік. Бұдан басқа күріш өндірісінде пайдаланылатын минералды тыңайтқыш, гербицидтер, су жеткізіп беру қызметіне төлейтін Үкімет бекіткен субсидиялар бар. Субсидиялардың барлығын қосқанда әр гектарға орташа 42,7 мың теңге субсидия төленейін деп отыр. Ал 1 гектар күріш өндірісіне кететін орташа шығын 166,7 мың теңге көлемінде. Сонда кеткен шығынның төрттен бір бөлігін мемлекет субсидиялап отыр. Былай айтқанда, әр өндірілген килограмм күріштің өзіндік құнын 11,5 теңгеге (25,5%) мемлекет төмендетіп отыр деген сөз. Бұл шаруашылықтар үшін үлкен қолдау емес пе? Сондай-ақ ауылшаруашылық тауарын өндірушілер үшін салықтың жеңілдетілген жүйесі қарастырылған. Алайда, шаруашылықтар бұл қолдауды дұрыс пайдаланбай отыр. Себебі, жоғарыда айтып өткендей көктем айларында қаржы қажет кезде күрішті өзіндік құнынан төмен бағалап, өткізіп жібереді. Сондықтан қаржыландырушы компаниялардың алдында жыл сайын қарыз болып, соларға тәуелді болып қалған. Биылғы жылдың өзінде егін шаруашылығын қолдау бағдарламалары бойынша қайтарымсыз 2,9 миллиард теңге бөлініп, қазіргі кезде шаруашылық құрылымдарына төленуде. Осыдан келіп, мемлекеттің ақшасын кім пайдаланып жатыр деген ой туады? Бұл жөнінде қазіргі кезде құзырлы органдар талдау жүргізуде. Бізде кейбір инвесторлар шаруашылыққа ауыл шаруашылығы техникаларын сатып әперіп, оған жұмсаған шығынды 2-3 жылдың көлемінде артығымен қайтарып алып жатқан жағдайлары бар. Осыдан келіп туындайтын сұрақ – неліктен шаруашылықтар техниканы лизингтік жолмен сатып алу жөніндегі Үкіметтің қолдауын пайдаланбайды?», деді әкім. Осы орайда барлық деңгейдегі әкімдерге алдағы уақытта шаруашылыққа қаражат салатын кейбір жеке инвесторлардың әрекеттерін қатаң бақылауға алуы керек деген ойымен бөлісті. Ауылдағы халықтың несібесін кім көрінгенге талатып қою жөн емес.

Күріш өндіретін шаруашылықтардың тізімі жасақталып, көктемгі егіс және егін жинау науқанына қажетті қаржы кім арқылы берілетініне талдау жасалды. Олардың қажетті қаржы көлемін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, ауылдық тұтыну кооперативі немесе «АгроХолдинг Байқоңыр» ЖШС арқылы алуына мүмкіндік қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, шаруашылықтардың өндірген өнімін тиімді бағаға сатылуына ықпал етудің жолы да реттеледі.

Облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев бастаған жұмыс тобы барлық аудандарды аралап, шаруашылық басшыларымен кездесіп, несие қаржысын тарту жолдарын түсіндірген болатын. Сонымен қатар, шаруашылықтардың пікірлерін тыңдап, жеке-жеке әр шаруа­шылық бойынша қаржы тартудың қай жолымен баратынын алдын ала талдау жасалды. Соның қорытындысы бойынша, несие серіктестіктері жүйесі ар­қылы қаржыландыру жолын таңдап отырған шаруашылық саны 64 болса (олардың жалпы егіс көлемі 16,2 мың га), ауылдық тұтыну кооперативтерін құрып жұмыс жасауға ниет білдірушілер 18 шаруашылық (егіс көлемі 19,3 мың га). Ал жаңадан құрылған Агрохолдинг арқылы жұмыс істеуге ниет білдіргендер 79-ға жетіп отыр. Олардың жалпы егіс көлемі 35,5 мың гектарды құрайды. Ал 77 шаруашылық (9,0 мың га) «өзіміз кейін көреміз» деген пікірде екен. Әрбір шаруашылық бойынша жағдай жіті зерттелгені көрініп отыр. «Сондықтан келесі жылдың егісіне қажетті несие тарту үшін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына, «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, жоғарыда аталған қаржыландырудың 3 бағыты бойынша «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-пен қазан айына дейін тиісті келісімге келу жөнінде тапсырма беремін. Өздеріңіз көріп отырсыздар, Агрохолдингке сенім артып отырған шаруашылықтар көп. Енді соны ақтап шығу керек» деген пікірді ортаға салды аймақ басшысы.

Осыған байланысты «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына «Агрохолдинг» арқылы күрішті сатып алу жұмыстарын осы жылдан бастау тапсырылды. Және сатып алу бағасы 40 теңгеден кем болмауы қатаң ескерті

Соңғы жаңалықтар