Экономикалық тергеу департаментінің мәліметтеріне сүйенсек, ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауарларға шот-фактура жазумен айналысқан.
«Олар 2018-2020 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының аумағында тоғыз мекеме құрып, заңсыз әрекеттерін іске асырған. Қылмыстық топтың жалпы айналымы 4 миллиард теңгеден асады. Қазір бұл топтың мүшелері қамауға алынды. Құжаттар, мөрлер, чек кітапшалары және 9 миллион теңге тәркіленді. Тергеу амалдары жалғасып жатыр» деп хабарлады департамент мамандары.