Спорт • 05 Ақпан, 2020

Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады

263 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7-10 ақпан күндері Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты өтеді. Ел біріншілігіне 2003-2004 жылдары туған жасөспірім дзюдошылар қатысады. Бұл туралы  Olympic.kz хабарлады.

Қостанайда дзюдодан жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты басталады

Дүбірлі додаға Қазақстанның он төрт облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан 700-ге жуық татами шеберлері бақ сынамақ.

Жарыс бағдарламасы:

7 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы

Ұлдар: -50 кг, -55 кг;

Қыздар: -40 кг, -44 кг, -48 кг;

16:00 – Жарыстың ашылуы

16:30 – Финал

8 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы

Ұлдар: -60 кг,-66 кг, -73 кг;

Қыздар: -52 кг,-57 кг, -63 кг;

16:00 – финал

9 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы

Ұлдар: -81 кг,-90 кг,+90 кг;

Қыздар: -70 кг, +70 кг;

16:00 – финал

10 ақпан 10:00 – Жарыстың басталуы Аралас-командалық сайыс

15:30 – финал