08 Тамыз, 2013

Бұл не деген дәрменсіздік?

839 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біздің Оралда бақша өнімдерінен уланып, ауруханаға түсіп жатқандар аз емес. Себебі, көшелердің, автожолдардың бойында үйілген қауын, қарбыз көп. Төңірегі – қоқыс.

Біздің Оралда бақша өнімдерінен уланып, ауруханаға түсіп жатқандар аз емес. Себебі, көшелердің, автожолдардың бойында үйілген қауын, қарбыз көп. Төңірегі – қоқыс.

Жол жақта – қара шаң. Ортада – жеңсік ас. Осындай көрініс жыл сайын қайталанады. Жыр болып айтылады. Бірақ сөз болады да қалады. Тиісті басқарма, санитарлық қызметтер дым көрмегендей, үнсіз. Медиктер дабыл қақпайды. Неге десеңіз, мұндайға көздері үйреніп кеткен. «Түйе көп болса, жүк сыймайды» ғой. Толған қадағалаушы, бақылаушы бір-біріне сілтеп, кеңседегі қағаз тасқынынан мұршалары болмайды.

Соншама бақыланбайтындай, настықтың шегінен шыққан бұл не сауда? Шаһарларда сақадай сай болмаса да, шамаға соғатын, жол қозғалысына да қауіп тудырмайтын маусымдық сауда алаңдарын жасау қиын емес қой. Бұған әлде жер жетпей ме? Біздіңше ой жетпейді, құнт жетпейді.

Болат ЕСҚАЛИЕВ.

Батыс Қазақстан облысы.