08 Тамыз, 2013

Ондыққа тиген он жол

308 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

● Бір өзі екі алтын алды. Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев екі бірдей алтын медаль жеңіп алды.

Ол бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) түрлерінде үздік нәтиже көрсетті.

● Бір өзі екі алтын алды. Солтүстік Ирландияның астанасы Белфаст қаласында өтіп жатқан XV Дүниежүзілік полицейлер мен өрт сөндірушілер ойындарында Қазақстан құрамасының капитаны Серік Нұрғалиев екі бірдей алтын медаль жеңіп алды.

Ол бенчпресс (жатып сығымдап көтеру) және пушпуллифтинг (күштік қоссайыс) түрлерінде үздік нәтиже көрсетті.

● Мықтылар тізімі жарияланды. Жақында Бүкіләлемдік велоспорт одағының (UCI) жаңа рей­тин­гісі жарияланды. Онда жекелеген велоспортшы­лар тізімін биылғы жылғы «Тур де Франс» көпкүн­ді­гі­нің жеңімпазы британдық Кристофер Фрум бас­тады.

«Астана» командасының үздік велошабандозы Винченцо Нибали 8-орынға орналасты. Командалар арасында «Астана» 5-орынға жайғасты.

● Головкинге қарсылас табыл­май жатыр. WBA/IBO тұжы­рым­­дары бойынша орта салмақ­тағы әлем чемпионы Геннадий Голов­кин­нің келесі қарсыласы 28 жасар аме­ри­калық Кертис Стивенс болуы мүмкін делінуде.

● Жалқы алтын жүлде. Болгарияның астанасы София қаласында есту қабілеті төмен спортшылар арасында өткен дүниежүзілік жазғы сурдолимпиа­да ойындары аяқталды. Онда спорттың алты түрі бойынша сынға түскен Қазақстан спортшылары бір алтын жүлдені иеленіп, жалпыкомандалық бейресми есепте үздік отыздықтың қатарына енді.

Ал жалғыз алтын жүлдені 60 кг. салмақта күрескен балуанымыз Ғабит Есжанов жеңіп алды.

● Первак Отанына оралды. Жақында осы кезге дейін теннистен Қазақстан атынан жарысқа қатысқан ресейлік Ксения Первак Отанына қайта оралды. Енді ол Ресей атынан жарыстарға қатысатын болады.

Осыған дейін Ксения Первактың Ресейге оралатыны жайлы Ресей теннис федерациясы хабарлаған еді. Бірақ Қазақстан теннис федерациясы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын, Первактың Ресейге кетуге ешқандай ойы жоқтығын мәлімдеген. Алайда...  

● Балуандарымыз жат­ты­ғу жиындарында. Осы күн­де­рі елi­мiз­дiң грек-рим және еркiн күрес­тен ұлт­тық құраманың кейбiр мүше­ле­рi Қы­тайда жаттығу жиынын өткiзiп жүр.

Олардың қатарында Жасұлан Садықов, Тимур Ташмағамбетов, Азамат Шағапұлы, Нұрғали Жолаев, Жанболат Мағзұмов, Абылайхан Нұрсұлтанов, Михаил Изотов бар.

● Туған күніне керемет сый. Қарағандылық «Шахтер» клубының ойыншысы Мақсат Байжанов 6 тамызда өзінің 29 жасқа туған күнінде «Скербендеу» қақпасына екінші голды соғып, өз-өзіне тамаша сый жасады. Бұған дейін «Ақтөбе» командасының шабуылшысы Сергей Гридин де туған күнінде Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінде қарсыластар қақпасына доп соғып, өзіне сый жасаған еді.

● Ең ауқатты спортшылар. Жа­қын­да «Forbes» журналының 2013 жыл­дың ең бай спортшысы ретінде Ресей теннисшісі Мария Шарапованың есімін атады.  2012 маусым мен 2013 жылдың шілде аралығында Шарапова 29 миллион доллар пайда тапқан көрінеді.

● Жүз жылдықтың күні белгіленді. Қазақ футболының 100 жылдық мерейтойы аталып өтетін күн бекітілді. Шығыс Қазақстан облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне сүйенсек, мерейтой 21-22 қыркүйекте Семей қаласында өтеді. Торқалы тойға кешегі кеңестік дәуірдегі аты аңызға айналған «Спартак» (Мәскеу), «Динамо» (Тбилиси), «Қайрат» (Алматы), «Рубин» (Қазан), «Восток» (Өскемен), «Спартак» (Семей) футбол клубтарының ардагерлері қатысып, Семейдегі «Спартак» стадионында жолдастық кездесулер өткізеді.

● Кезекті тур басталады. Во­лей­болдан еліміздің әйелдер құрама командасы Бүкіләлемдік Гран-при жарысына қатысуды одан әрі жалғастыруда. Енді олар 9-11 тамыз күндері Польшаның Плоцк қаласында өтетін жарысқа қатысады. Біздің қыздар Жапония, Германия және Польша құрамаларымен «H» тобында бақ сынасады. Ал 16-18 тамыз күндеріне белгіленген үшінші турдағы «K» тобының ойындары Алматыда өтеді. Бұл топта Қазақстан Бразилия, Куба және Нидерланды құрамаларымен кездеседі.

«Егемен-ақпарат».