
Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов бастаған офицерлер тобы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан авиациялық бөлімде болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов
бастаған офицерлер тобы Оңтүстік Қазақстан облысында орналасқан авиациялық бөлімде болды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Күндізгі және түнгі ұшуларды орындау авиациялық бөлімдер жауынгерлік әзірлігінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылды. Онсыз авиаторлардың қызметтік іс-әрекетін елестету мүмкін емес. Ал топтың жұмысы барысында МиГ-29 және Су-25 ұшақтарымен ұшу және қону міндеттерін орындауға арналған мақсатты ұшулар өткізілді.
Ұшудан кейінгі жиналыста Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы көптеген ұшқыштардың ұшу сағаттары бойынша көрсеткіштерінің жоғары екенін атап өтті. Бұл – көкке көтерілуге бет алған жас буынға берілуі тиіс бай тәжірибенің өлшемі.
– Жалпы алғанда Әскери әуе күштері бұл бөлімнің жеке құрамы ұшақты басқару техникасын және оны жауынгерлік қолдануды жетік меңгерген, – деді Нұрлан Орманбетов.
Сол күні осы бөлімде түнгі оқу-жаттығу ұшулары болды. Мұндай ұшуларды өткізу – еліміздің әуе кеңістігін күзету мен қорғау жөніндегі міндеттерді орындайтын әскери ұшқыштардың шеберлігін арттыруға арналған міндетті талап.
«Егемен-ақпарат».