
Футболдан Чемпиондар лигасының финалдық раундына шыққан Қарағандының «Шахтер» командасының ықтимал қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Қарсылас болып қалуы мүмкіндердің арасында Швейцарияның «Базель», Шотландияның «Селтик», румынның «Стяуа», чехтың «Виктория Плзень» және хорваттың «Динамо Загреб» командалары бар.
Еске сала кетейік, қарағандылықтар осының алдында екі матчтың қорытындысы бойынша Албанияның «Скендербеу» командасынан артықшылық көрсеткен болатын. Кеншілер өз алаңында оларды 3:0 етіп ұтып, сырт алаңда 2:3 болып жеңіліп қалды.
Дамир Қожамқұл.