08 Тамыз, 2013

Якутиядағы орман өртінің түтіні Бурятияға жетті

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Пожар в Якутии-1

Қазіргі күндері Якутия ормандарында орын алып жатқан өрттердің түтіні түстіктегі бурят жеріне дейін жетіп жатқан көрінеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Ауамен қалқып жеткен түтіннен республика астанасы – Улан-Удэ қаласының өзі тұншығып жатқанға ұқсайды. Республика орман шаруашылығы агенттігінің баспасөз хатшысы Александр Егоровтың айтуынша, «Якутиядағы орман өрттерін сөндіруге жәрдем беруге федералды резервтен 100 парашютші-десантшылар жіберілген». Тағы осындай 50 сарбазды аттандыру жоспарда тұр.

Жыл басынан бері Бурятияның өзінде 604 орман өрті тіркеліпті. Ол 20 мың гектар алқапты құртып жіберген. Бұл өткен жылға қарағанда 6,5 есе аз.

Сұлтан Бозайғыр.