Кездесу барысында Президент К.Кальюлайд Қазақстан басшылығының Эстонияда Елшілік ашу туралы шешімін жоғары бағалап, мемлекетаралық қатынастардың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.
Өз кезегінде, Елші Н.Сейтімов екіжақты іс-қимылда тиімді ынтымақтастық үшін үлкен әлеует бар екенін және жаңадан ашылған Елшіліктің күш-жігері оны сөзсіз жүзеге асыруға бағытталатындығын атап өтті. Ынтымақтастықтың басым бағыттары - цифрландыру, транзит және логистика, ауыл шаруашылығы, заңнамалық базаны нығайту және кеңейту.
Эстонияның Президенті Қазақстанда жүргізіліп жатқан экономикалық және саяси реформалар туралы хабардар етті.
Сөз соңында Президент К.Кальюлайд Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізді.