08 Тамыз, 2013

Солтүстік Корея актрисасы режімге арнаған әзілі үшін шахтаға жіберілді

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шахта-1

Солтүстік Кореяның комедиялық актрисасы Ли Чхун Хон ел билігі тарапына айтқан әзілі үшін көмір өндіретін шахтада жұмыс істеуге жіберілді. Бұл туралы

The Daily Mail газетінің дерегіне сілтеме жасаған «Газета.Ру» хабарлады.

Әртіс әйел жергілікті ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының бірінің жұмысшылары алдында өнер көретіп тұрып, елдегі ахуал туралы айтып өтуді жөн көріпті. Сол бойда концерт тоқтатылып, әртіс қамауға алынған. Ол бірден шахтаға жөнелтілген.

Газет Ли Чхун Хонның туған-туыстарымен қоштасып үлгергенін жазады. Бұған қоса, бұл отбасы қыздарының ұзатылу тойын кейінге қалдыруға мәжбүр болған.

Бірақ комедианттың не айтқаны және шахтада қанша уақыт болатыны туралы ақпарат жоқ. Әдетте мұндай жазалар алты айға белгіленеді екен.

Ли Чхун Лн КХДР-дағы ең белгілі комедиялық әртістердің бірі болып саналады. Кезінде ол елдің лидері Ким Чен Ирдің алдында да өнер көрсеткен екен.

Сұлтан Бозайғыр.

 

Соңғы жаңалықтар