08 Тамыз, 2013

Алматы салық департаменті басшысының орынбасары парамен қолға түсті

373 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Деньги-3

Алматы қаржы полициясы жалған кәсіпкерлердің атынан заңсыз құжаттар жасау арқылы өзге компаниялардыңкөп көлемдегі салықтан жалтаруларына көмектесіп жүрген қылмыстық топтықолға түсірді. Бұл туралы BNews.kz тілшісі хабарлады.

Ақпарат көздері бұл қылмыстық топқа Алматы қаласы салық департаменті директорының орынбасары Б.Әжінұров қамқорлық көрсеткенін жеткізеді. Бұл топтың ізіне түскенқаржы полициясының қызметкерлері жалған кәсіпкерлермен жасалған күдікті келісімдер бойынша жалпы сомасы 600 млн. теңгеге тең бухгалтерлік құжаттардың (есеп-фактура, фискалдық чектер, кассалық ордерлерге түбіртектер, еңбек демалысына үстеме ақылар) жасалғанын анықтады.

«Жалған кәсіпкерлер заңсыз негізде түскен ақшалай табыстың белгілі бір пайызын қамқорлық жасағаны үшін Алматы қаласы Салық департаменті директорының орынбасарына төлеп отырған», - делінген хабарламада.

Үстіміздегі 7 тамызында Алматы қаласы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары Б.Әжінұровқа қарсы қызметтік бабын асыра пайдалану (Қылмыстық кодекстің 307-бабы 2-тармағы) фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейін Б.Әжінұровтың өзі де жалған құжат жасап бергені үшін 26 млн. теңге көлемінде пара алып жатқан жерінде қолға түсті. Сондай-ақ, оның кабинетін тінту кезінде 30 мың долларға тарта ақша мен өзге де жалған кәсіпкерлердің құжаттары табылған.

«Қылмыстық іс тергелуде, оның нәтижесі жайынде кейін хабарланатын болады», - деп мәлімдеді қаржы полициясынан.

Сұлтан Бозайғыр.

 

Соңғы жаңалықтар