09 Тамыз, 2013

Қазақстандық 5 азамат бар

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Антальяның «Гранд Ринг» қонақ үйінде уланған бірқатар шетелдік демалушылардың арасында Қазақстанның 5 азаматы бар екендігі белгілі болды.

 

Антальяның «Гранд Ринг» қонақ үйінде уланған бірқатар шетелдік демалушылардың арасында Қазақстанның 5 азаматы бар екендігі белгілі болды.

Қазақстанның Антальядағы консулдығынан келіп түскен ақпаратқа сәйкес, отандастарымыз дер кезінде жергілікті «Марина» емханасында тиісті ем шараларын алып, қонақ үйге қайтарылды.

Консулдық қызметкерлер қазақстандықтарға барлық тиісті көмекті көрсетті, емдеу мекемесінің қызметкерлерімен кездесіп, азаматтарымыздың денсаулығына қазіргі уақытта ешқандай қауіптің жоқ екендігі анықталды.

Азаматтардың улану себебін анықтау үшін, қонақ үй басшылары және медициналық персоналмен кездесу ұйымдастырылды. Мұнымен қоса, Анталья қаласының санитарлық бақылау саласындағы құзырлы органдары тиісті жұмыстар атқаруда.

Қазіргі уақытта 3 азаматымыз басқа қонақ үйге ауыстырылды, 2 адамға ақшалары қайтарылды. Олардың жағдайы тұрақты және өздерінің денсаулығынан ешқандай да бір шағым жоқ екендігін хабарлады.

Жалпы, осы қонақ үйде Қазақстанның 33 азаматы бар екендігі анықталды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар