Орталық бүгінде міндетті медициналық сақтандыру жүйесі бойынша жұмыс істейді. Заманауи үлгідегі құрал-жабдықтар мен қондырғыларды сатып алуға республикалық бюджеттен 52 миллион теңге көлемінде қаражат бөлінген.
Мамандардың сараптауынша, ауданда қайта оңалтуды қажет ететін көптеген жандар бар. Алғашқы күннің өзінде екі науқас қабылданды.
– Мұнда кардиология, травматология, нейрохирургия және неврология салалары бойынша қайта оңалтудан өтуге болады. Физиотерапия, уқалау, парафиндік емдеу мен психолог, логопед, кардиолог мамандары қызмет көрсетеді,– дейді қайта оңалту бөлімшесінің меңгерушісі Амантай Арыстанбек.
Сырқатына алаңдаулы зеренділіктер қамқорлықтан қағыс қалмайтын болды.
Зеренді ауданы,
Ақмола облысы.